Фатима Бегенбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фатима Бегенбаева – (22.4.1948. Семей облысы, Ақсуат ауданы) - тележурналист. <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Семей педучилищесін (1967), Семей пединститутын (1971), Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық телерадиокомитетінің Жоғарғы курсын бітірген (1984).

Еңбек жолын Семей телестудиясында дикторлықтан бастаған. 1967-83 жылдары Қазақ теледидарының Жастар хабарларының бас редакциясында редактор, комментатор, бөлім меңгерушісі, бас редактор, 1984-85 жылдары «Алатау» арнасының директоры, 1985-88 жылдары «Қазақфильм" киностудиясының дубляж комиссиясының төрайымы, Қазақ радиосының шетелдерге хабарлар тарататын бас редакцияның бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1991-92 жылдары «Азия дауысы» Халықаралық әндер конкурсының баспасөз орталығының жетекшісі, 1992-96 жылдары «Сонар» телекомпаниясының директоры, 1996-98 жылдары «ДиФ» телестудиясының директоры, «31 арна» телекомпаниясының қазақ тіліндегі бөлімінің бас редакторы, 1998-2001 жылдары Алматы облысы әкімиятының баспасөз хатшысы, 2002-2009 жылдары «31 арна» телекомпаниясының қазақ тілінде хабарлар даярлайтын бөлімінің бас редакторы.

Қазақ теледидарында істеген жылдары «Алтыбақан», «Пай-пай, жиырма бес», «Ауылым-әнім», «Ромб» т.б. телехабарлардың авторы және редакторы әрі жүргізушісі болды.

Қазақ тіліне бірнеше көркем фильмдер мен 100-ге жуық қысқа метражды және деректі фильмдераударды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}