Файзолла Сатыбалдыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Файзолла Сатыбалдыұлы (27.09.1883, бұр Торғай уезі, Батпаққара мекені - 1959) - діни қайраткер, ақын, қари. Әкесі - белгілі діни оқымысты Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы. Діни білімді 1900 жылы дейін Троицкіде (Ахунхазіреттен)және Бұхарада алады. 1901 - 1906 жылдары Торғай қаласындағы уездік мешіт, медреселерде Науан хазірет, дамолла Байту, Бейіс хазірет, Оспан қожа,қайраткерлермен бірге қызмет жасайды. 1906 - 1918 жылдары Батпаққарада Сатыбалды ишанның мешіт-медресесінде ұстаздық құрып, 1923 - 1928 жылдары мешіттерде имамдық етеді. 1928 - 1935 жылдары нағашысы Міржақып Дулатовпен бірге айдауда болады. Туған жері Батпаққараға көшіп келген 1946 жылы өмірден өткен 1959 жылы дейін қуғын-сүргіннен көз ашпайды. Ф.Сатыбалдыұлы артына мол поэтикалық мұра қалдырған, араб, орыс әдебиеті үлгілерінен тәржімелер жасаған. Қ.Халидтің «Тауарих Хамсасын» аударған. Ақын 1920 жылы жазған «Халқыма» атты өлеңінде «Құрбандығың болар едім жолына, Ел болсаң сен өз алдына іргелі'» деп жазады. «Тырнақша қадаса да инесін, Білсін тағдыр өнер басын имесін» дейді 1928 жылы Қостанай түрмесінде жазған «Тас түрмеле» атты жырында. «Шафағат яр соллаллаһ'» және «Мүнажат» циклымен жазған жырлары Аллаһтың хақтығына, әділдіктің күні туатынына деген сенімге толы. «Ахмет қайтыс болды дегенде», «Мағжан түсіме кіргенде», «Ахметсафа Юсуповқа хат» сынды өлеңдері тарихилығымен құнды. Ақын «Тас мешіт» (1914), «Тоқымбет - Гүләйім» (1929), «Адамзат шежіресі» (1930), «Ұзақ жол» (1935), «Аязби» (1946) атты дастандар жазған. «Әбдіғаппар хан» атты ұзақ поэмасын 1916 жылы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісіне арнаған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub