Уәлихан Ағабекұлы Жұмабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Жұмабаев Уәлихан Ағабекұлы.jpg
Жұмабаев Уәлихан Ағабекұлы

Жұмабаев Уәлихан АғабекұлыОңтүстік Қазақстан облысы, облысы, Бәйдібек ауданы, Кеңес елді мекенінде 1962 жылы 05 желтоқсанда дүниеге келген. Ұлты қазақ.

Еңбек жолы

Алматы мемлекеттік медицина институты Шымкент филиалы фармацевтикалық факультетін 1990 ж. 0405 – «Фармация» мамандығы бойынша тамамдаған. Биология ғылымдарының докторы (2009ж.).Біріккен диссертациялық кеңесінің мүшесі (2010ж.). 1999 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің Д 09.01.04 –диссертациялық кеңесінде 14.00.07- Гигиена және 03.00.04 – Биохимия мамандықтары бойынша «Кристаллографические и хемилюминесцентные свойства конденсата выдыхаемого воздуха при поражении бронхолегочного аппарата неорганическими соединениями фосфора» атты тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2003 жылы биология мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды. 2009 жылы Қазақ тағамтану академиясы жанындағы ОД 53.28.01 Біріккен диссертациялық кеңесінде 14.00.07 – Гигиена мамандығы бойынша «Қорғасынның ішкі ағзаларға уытты әсері және оның фитофармакологиялық коррекциясы» тақырыбында, биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленуге арналған докторлық диссертациясын қорғады.

Еңбектері

Алматы мемлекеттік медицина институты Шымкент филиалы фармацевтикалық факультетін (Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы) 1990 жылы үздік бітірген соң, 1990-1995 жылдары «Гигиена және кәсіби аурулар» Ғылыми зерттеу институты Шымкент бөлімінің ғылыми қызметкері, 1995-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының орталық ғылыми зерттеу лабораториясының ғылыми қызметкері, 1996-1999 жылдары биологиялық химия кафедрасының ассистенті, 1999 жылдан аталған кафедраның аға оқытушысы, 2001 жылдан доцент міндетін атқарушы, 2003-2009 жылдары доцент қызметін, сонымен қатар, 1999-2009 жылдар аралығында химия фармацевтика факультетінің деканы. Бұл, бүгінгі таңдағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының дамуына қосқан үлесінің зор екендігін көрсетеді.

2009 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті оқу-клиникалық базасы оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, фармакология және клиникалық фармакология кафедрасының профессор міндетін атқарушы қызметінде де, медициналық мамандықтар бойынша халықаралық деңгейдегі мамандар дайындаудағы оқу-клиникалық базасының қалыптасуы үшін атқарған үлесіде орасан зор.

21 жылдық ғылыми – педагогикалық еңбегінің нәтижесінде 90-нан астам ғылыми және әдістемелік еңбектері жарық көрді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствасы шешімімен өнертабысқа берілген 3 патент, 1 авторлық куәлік, 7 тиімді ұсыныс куәліктері мен биоорганикалық және биологиялық химия саласы бойынша 4 оқу-әдістемелік құралдары мен 0405 – «Фармация» мамандығы бойынша биологиялық химия пәнінен типтік оқу бағдарламасының авторы. Сонымен қатар, Республикалық ғылыми-техникалық саласының шеңберіндегі «Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы жұмысшы-лардың денсаулығын сақтау» бағдарламасы бойынша (мемлекеттік тіркелуі 0194 ҚР 00428) және 2003-2005 жылдары аралығында «Отандық дәрілік өсімдіктер шикізатының негізінде жаңа дәрілік препараттарды жетілдіріп ендіру» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушысы (мемлекеттік тіркелу нөмірі –О.0342). Қазақ тағамдану академиясы жанындағы ОД 53.28.01 Біріккен диссертациялық кеңесінің мүшесі (2010ж.).

У.А.Жұмабаевтың жетекшілігімен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен берілген 2 кандидаттық диссертация қорғалған. Сонымен қатар, бірнеше ғылыми қызметкерлердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етуде. Ғылыми-педагогикалық және қоғамдық жұмыстарда қол жеткізген табыстары үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы әкімшілігінің бірнеше мақтау грамоталары мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталған. Докторлық жұмысы бекітілгеннен кейін 7 ғылыми мақала, оның ішінде комитет белгілеген журналдарда 5 ғылыми мақала, 4 әдістеме құралдары жарық көрді.

Жұмабаев Уәлихан Ағабекұлы 1999 жылдан бастап бірқатар мемлекеттік білім мекемелерінде (декан, оқу-әдістемелік басқарма бастығы, проректор, ректор міндетін атқарушы және т.б.) лауазымдарын атқарып келеді және қайсысында болмасын, ол, қызметтестерінің арасында еңбексүйгіштігімен, әділдігімен, құзыреттілігімен, принципшілдігімен және адамдармен қарым-қатынаста қарапайымдылығымен аталып жүреді.

Таңдамалы еңбектері:

1. У.А. Жұмабаев - Устройство для получения конденсата выдыхаемого воздуха. - Приоритетная справка с Госкомизобретений СССР №5007573/14/057828 от 18.11.1991г.

2. У.А. Жұмабаев - Балалардың бронх-өкпе ауруларын дифференциалды диагностикалау тәсілі. - ҚР Ұлттық патент ведомствосының 31.07.2002.-№34108, Авторлық куәлігі.

3. У.А. Жұмабаев – «Липидтердің алмасуы» Биологиялық химия пәнінен жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне “ арналған оқу құралы. - Шымкент 2002ж.

4. У.А. Жұмабаев - Динамика показательей актиоксидантной системы гепатоцитов подвлиянием донника лекарственного при острой свинцовой интоксикации. - Науковий журнал «Досягнення біологіі» mа медицини. Одеса,Украина,2007.-№ 2 (10). - С. 86-87.

5. У.А. Жұмабаев - Динамика содержания -токоферала и активность антирадикальной и антиокислительной своиства крови у рабочих свинцового завода с патологией бронхолегочной системы.- Вестник Карагандинского государственного университета им Е.А. Букетова. Серия биология, медицина, география.- Караганда, 2008.- №1(49).- С.24-26.

6. У.А. Жұмабаев - Способ лечения свинцовой интоксикации в эксперименте. - Инновационный патент на изобретение НИИС КПИС МЮ РК №12-2/33 от 23.06.2008.

7. У.А. Жұмабаев - Влияние муколитического препарата амброксола на продукцию активных форм кислорода в крови у больных с обострением хронической обструктивной болезни легких. - Ғылыми журнал «Поиск»-«Ізденіс» Жаратылыстану

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.

2. ↑http://ardaktylar.kz/