Уәли

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уәли, (көпше түрі - айлийа) - әулие. Құранда Уәли термині Аллаһ пен Пайғамбарға (с.а.у.) қатысты «жарылқаушы», ал адамдарға қатысты Аллаһтың үмбеті деген ұғымды білдіреді. Хадистерде ол «жақын болу» деген мағынаны аңғартады. Сөйтіп, ол Құдайдың (Аллаһтың Уәлиі) «жақыны», «досы», тіпті «сүйіктісі» деген түсінікке ие болады. Уәлиді ертеректегі дін шолушылары, мухаддистер мен захидтер осындай мағынада қолданған. Зу-н-Нун әл-Мысри сопыньщ (IX ғ.) ой толғауларында Уәли. айқын теософ. реңге ие болды. Оньмен тұстас өмір сүрген ат- Тустари, әл-Джунайд және әл-Харраз (IX - X ғ.) тәрізді сопылық ілім авторларында әулие - дінтануца да, Құдай туралы білімпаздықта да әбден жетілген адамдар, «оларға «жасырын нәрсенің» құпиясы мәлім, олар Құдаймен жүздесе алады». әл-Харраздың, әсіресе әл-Хаким ат-Тирмизидің еңбектерінде Уәли туралы егжей-тегжейлі баяндалған. Ибн Арабидің ілімінде әулие үғымына қатысты сопылық және шииттік дәстүр бір арнаға тоғысты. Оньщ ұғымында Пайғамбарлық - жаңа діни заңның ешізілуіне байланысты «әулиеліктің» жеке адамньщ бойылдағы көрінісі. Уәли Пайғамбарлық қызмет атқаруға міндетті емес, есесіне әрбір Пайғамбар Уәли болуға тиіс. Жалпы алғанда оның топшылаулары әулие Пайғамбардай артық дегенге саяды. Халықтық Исламда «әулие» - керемет жасаушылар, «Құдайға ТӘН қайырымдылық» иелері, түрлі кәсіпті желеп-жебеушілер, қолдаушылар ретінде кұрметтеледі. Халыққа жақындығына, дін жолына құнай берілгендігіне, тақуалық өмір салтына орай «әулиенің» халық арасындағы беделі күшті болды. Сондықтан да билік басындағылар солардың қолдауына ие болуға ұмтылды. Мұның өзі түптел келгенде көптеген «әулиелердің», билеушілердің қарауына көшіп, ірі меншік несіне айналуына апарып соқта. Сонымен бірге «әулиенің» ұлт азаттық қозғалысын басқарып, отаршылдарға қарсы белсене күресетін кездері де аз болған жоқ. «Әулиелерге» және олардың табытына сиыну мұсылман елдерінде кең тараған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub