Уран (мифология)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:The Mutiliation of Uranus by Saturn.jpg
Кроноспен Уранды піштіруі

Уран (Үлгі:Lang-grc, «аспан») — ежелгі грек мифологиясында аспанның тірі бейнесі, Геяның (жер) жұбайы, Құдайлардыңең ежелгі әулетіне жатады. Гемера Уранды туады немесе түсінде туады; немесе Уран – Хаостың және Гемераның баласы ( кейбір мифтарда Эфирдің баласы); немесе Офион мен үлкен Фетиданың баласы. Құдайлар мен алып-Құдайлардың әкесі. «Бірінші бүкіл әлеммеді биледі».

Туылуы

Гесиод бойынша, Гея Уранға тұрмысқа шығып, тау жасады. Уранның басты ерекшеліктерінің бірі, оның шексіз бала туа беруі. Өзінің балаларының қорқынышты түрінен жек көрген. Ол балаларды Геяның ішіне тығып, Геяға үлкен азап келтірді.

Билігінен құлауы

Анасының тағдырын жеңілдету үшін, кенже баласы Кронос орақ арқылы әкесін піштірді. Уранның құнарлығының үлкендігі соншалық, оның жерге түскен қанының тамшысынан эринилар туылды, ал теңізге түскеннен Афродита Құдайы туған. Нәтижесінде, Уранды Құдай-құбыжықтарды туғаннан алып тастады және билік оның баласы Кроносқа өтті.

Евгемера бойынша, ол мұхитта қаза тауып, Авлакияда көмілді. Оған IV орфикалық өлең арналды.

Табынушылығы

Геяға қарағанда, Уран мифтарда маңызды рөл ойнаған жоқ. Сондықтан, гректер оған көп табынған жоқ және қазірге дейін оның бірде-бір ғибадатханасы табылған жоқ. Тек «Теогонияда» Уран гекатонхейрлардың, киклоптардың және үлкен титандардың әкесі ретінде үлкен олимпиялық Құдайлардың және кіші титандардың атасы ретінде, кіші олимпиялық Құдайлардың және үлкен олимпиялық Құдайлардың немерелерінің және кіші олимпиялық құдайлардың немерелерінің (кейбіреулері әлде қайда ажалды немесе жарты Құдай болды) бабасы ретінде маңызды рөл ойнады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер