Универсиада

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (Үлгі:Lang-en) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.

Тарихы

1923 жылы студенттердің халықаралық конференциясында қабылданған.
Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін көпшілік сипаты болған емес.
1945 жылы Универсиада Бүкіл әлемдік жастар демократиялық федерациясымен қайта туындады.
1957 жылдан бастап Универсиада халықаралық спорт жарыстарының ең үлкенінің бірі болып табылады.
Спорт тарихындағы тұңғыш қысқы Универсиаданың тұсауы 1960 жылы Францияның Шамони қаласында кесілді. 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында өткен бұл халықаралық додада 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен Франция көш бастады. 3 алтын, 1 күміс, 1 қоланы қанжығаға байлаған Кеңес Одағы екінші орын иеленді. Содан бері екі жылда бір болатын қысқы Универсиада төрткүл дүниенің төрт бұрышында 25 мәрте өткізілген. Соңғысы 2011 жылдың 27 қаңтары мен 6 ақпан аралығында Түркияның Эрзурум қаласында жалауын көтерді. Дәрежесі жөнінен тек Қысқы олимпиадаға ғана жол беретін Универсиаданың 2013 жылғы астанасы – Словенияның Марибор қаласы. Бұл қала 2011 жылы жоғарыда аталған Түркиялық қаламен тартысқа түссе де,мақсатына тек осы жолы ғана жетіп отыр. Ал 2015 жылы дүние жүзінің жас таланттарын Испанияның Гранада қаласы қабылдайды.<ref name="test">АЛМАТЫДА УНИВЕРСИАДА ӨТСЕ…, Универсиада.</ref> Жұпсыз жылдары жаздық Универсиада жүргізіледі (жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу, волейбол, баскетбол, су полосы, теннис, суға секіру және фехтование), жұп жылдары — қысқы (шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау және хоккей).
Универсиада жеңімпаздары алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.
Универсиадаға студенттер, аспиранттар және ЖОО түлектері қатысады
Универсиада қатысушылардың жастары — 17-ден 28 жасқа дейін.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6</ref>

Универсиаданың өткен және өтетін жерлері

Жыл Ойындар Жазғы Универсиада Ойындар Қысқы Универсиада
1959 I Турин, Үлгі:ITA
1960 I Шамони, Үлгі:FRA
1961 II София, Үлгі:BUL
1962 II Вилларс, Үлгі:SUI
1963 III Порту-Алегри, Үлгі:BRA
1964 III Шпиндлеров Млин, Үлгі:Flagicon Чехословакия
1965 IV Будапешт, Үлгі:HUN
1966 IV Сестриере, Үлгі:ITA
1967 V Токио, Үлгі:JPN
1968 V Инсбрук, Үлгі:AUT
1970 VI Турин, Үлгі:ITA VI Рованиеми, Үлгі:FIN
1972 VII Лэйк-Плэсид, Үлгі:USA
1973 VII Мәскеу, Үлгі:URS
1975 VIII Рим, Үлгі:ITA VIII Ливиньо, Үлгі:ITA
1977 IX София, Үлгі:BUL
1978 IX Шпиндлеров Млин, Үлгі:Flagicon Чехословакия
1979 X Мехико, Үлгі:MEX
1981 XI Бухарест, Үлгі:ROM X Хака, Үлгі:ESP
1983 XII Эдмонтон, Альберта, Үлгі:CAN XI София, Үлгі:BUL
1985 XIII Кобе, Үлгі:JPN XII Белунно, Үлгі:ITA
1987 XIV Загреб, Югославия XIII Штрбске Плесо, Үлгі:Flagicon Чехословакия
1989 XV Дуйсбург, Үлгі:GER XIV София, Үлгі:BUL
1991 XVI Шеффилд, Үлгі:GBR XV Сапорро, Үлгі:JPN
1993 XVII Буффало, Үлгі:USA XVI Закопане, Үлгі:POL
1995 XVIII Фукуока, Үлгі:JPN XVII Хака, Үлгі:ESP
1997 XIX Сицилия, Үлгі:ITA XVIII Муджу, Үлгі:KOR
1999 XX Пальма де Мальорка, Үлгі:ESP XIX Попрад, Үлгі:SVK
2001 XXI Бейжің, Үлгі:CHN XX Закопане, Үлгі:POL
2003 XXII Тэгу, Үлгі:KOR XXI Тарвизио, Үлгі:ITA
2005 XXIII Измир, Үлгі:TUR XXII Инсбрук / Зеефельд, Үлгі:AUT
2007 XXIV Бангкок, Үлгі:THA XXIII Турин, Үлгі:ITA
2009 XXV Белград, Үлгі:SRB XXIV Харбин, Үлгі:CHN
2011 XXVI Шэньчжэнь, Үлгі:CHN XXV Эрзурум, Үлгі:TUR
2013 XXVII Қазан, Үлгі:RUS XXVI Трентино, Үлгі:ITA
2015 XXVIII Кванджу, Үлгі:KOR XXVII Гранада, Үлгі:ESP
2017 XXIX XXVIII Алматы, Үлгі:KAZ

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Универсиада

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Универсиада|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}