Уанас күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уанас күмбезі – 18 ғасырдың ескерткіші.

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылынан солтүстікке қарай 80 км жерде, Бетпақдаланың оңтүстігіндегі оны кесіп өтетін жолдардың бірінің бойында, сондықтан шөлді зерттеушілер К.Мыңбаев пен басқалардың еңбектерінде ол әлденеше рет сөз болады. Оның тұрғызылған уақыты беймәлім, бірақ аңызда оны 18 ғасырдың аяғында өмір сүрген қазақ руларының бірінің басшысы Уанас есімімен байланыстырады.

Құрылыстың композициясы Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштеріне зор ықпал еткен Орта Азияның құрылыстарына мүлде ұқсамайды. Сондықтан ол көшпенділердің мемориалдық сәулетшілігінің мысалы ретінде ерекше назар аудартады. Күмбездің көлемді-кеңістік композициясы мұнараға ұқсас зор көлемнен және оған солтүстік-батыс жағынан жанастыра салынған қоршаудан тұрады. Мұнара ірі шикі кірпіштен (40×17×10 см) тұрғызылған және пішінді сопақтау. Жанастыра салынған қоршау (12,80×14,6 м) құлап қалған, бірақ оның бұрыштарынан төбешіктер, мұнаралардың қалдықтары байқалады. Құрылыстың архитектурасы толығымен Қазақстанның мемориалдық сәулетшілігінің қалыптасқан бірде-бір түріне жатпайды, дегенмен оның «төртқұлақ» және «мұнара» секілді әрідегі аналогтары бар. Осы күнге дейін аздаған қазақ мұнаралары Сырдарияның төменгі сағасынан ғана табылған.

Уанас Күмбезі қазақтың мұнараға ұқсас мемориалдық сәулетшілігі жөніндегі түсінікті едәуір кеңейте түседі.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}