Төлепова Шәмшат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлепова Шәмшат (1930, Қармақшы ауданы Т. Көмекбаев а. – 17.7.2002, сонда) – термеші, жырау. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1990). 12 жасынан ән мен жыр, терме айтып жыраулық дарыны мен өнерге бейімділігі ерте байқалған. 1948 жылдан Н.Бекежанов басқарған эстрад. өнер тобында жұмыс істеп, ұстазы Р. Жиенбаевтан жыраулық өнердің қыр-сырын толық меңгерген Төлепова 1976 ж. жыраулардың облысы слетінде алғашқы жүлдесін алды. 1986 ж. Қармақшы ауданы мәдениет үйі жанынан «Жиенбай жырау» мектебін ашып, Сыр бойы мақамының кең таралуына үлкен ықпал жасады. 1987 ж. Алматыда өткен Бүкілодақтық халықтар шығарм. фестивалінің лауреаты болды. Сол жылы ғыл.-теор. конференцияда Т-ның дауысын жапондық мамандар «алтын» дискіге жазып алған. 1997 ж. Алматыда болған «Лорд» конференциясында ән салып, еуроп. саз өнері мамандарының құрметіне ие болды. 1999 ж. ауданы комиссия қорытындысымен «Ғасырдың өнер шебері» атағын алды. Т. белгілі Сыр сүлейлері: Базар, Оңғар, Омар, Тұрмағамбет, Нартай, т.б. жырау-ақындардың дәстүрін жалғастырушы.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлепова Шәмшат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}