Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (9 шілде 1882, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 15 мамыр 1939, сонда) – ақын, аудармашы.

Алғаш Алдашбай ахуннан сауат ашқан. Бұқара қаласында әуелі “Мир араб” (18961899), кейін “Көкілташ” медреселерінде (18961905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. “Көкілташ” медресесінде тәжік жазушысы Садриддин Айнимен достасып, қабырға газетін бірге шығарысқан. Өзі медреседе оқи жүріп қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста “Шәкірттерге”, “Ұстаз ұсынысы”, “Шөлмек” өлеңдерін жазған. 19051925 жылы ауыл мектебінде мұғалім, 19361937 жылы Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғыл. қызметкер болған.

Ақын алғашқыда өз ауылындағы Қожабай, Алдашбай; Ораз ;Қалжан ахундардың;яғни сол кезеңдердегі білімге аса бай, елді ауызына қаратқан шешен, бала оқытқан ишандардың алдынан мұсылманша білім алып ,өзінің өте зеректігін ұстаздары алдында ерте танытады. Аса алғыр баланың бойындағы ерекше талантты байқаған ұстаздары оны сол кездегі Таяу, Орта, Шығыс және Орта Азия елдерінің ұлық тұтатын,ХҮІ ғасырдың білім ордасы саналатын Бұхарадағы әйгілі оқу орны – “Мир - Араб” медресесіне оқуға аттандырады. Ол 1899 жылдан бастап сондағы  “Көкелташ” медресесінеде оқиды.
Белгілі мәдениет қайраткері, Тәжік Ғылым Академиясының алғашқы президенті, академик жазушы Садраддин Сайдмұратұлы Айни да (1878-1954) осы жылдары “Көкелташ” медресесінің шәкірті болғаны анық. Тұрмағамбет пен Садриддин осында танысып, дос болып , осы медресені бірге тәмәмдаған, бір-бірін ұлық тұтып, үлкен сыйластықта болғаны бәріне мәлім.
 Тұрмағамбет ақын осы медресе қабырғасынан білім ала жүріп, оның бай кітапханасынан Шығыстың ежелгі мол мәдени, әдеби мұраларын еркін аударып оқи білген. Ол арабтың классикалық дүниесі “Мың бір түнін”, үндінің “Тотынамасын”, парсының  “Шаһнамасын”, Шығыстың жеті жұлдызы саналатын ақындар шоғырының шығармаларымен толық танысқан.

1937 жылы “Халық жауы” ретінде жалған жазамен сотталады. 1939 жылы жазасының жалған екені анықталыптүрмеден шығады. Осы жылдары ақын ана дүниеге ерте аттанып кетеді. Тұрмағамбеттің өлімі әдебиет әлеміне орыны толмас өкініш болып қалды.

Шығармашылығы

Тұңғыш мысал өлеңін (“Қара қоңыз”) 14 жасында, алғашқы дастанын (“Мәрді диқан”) 18 жасында жазған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттер негізінде оннан астам дастан (“Данышпан қарт”, “Тұтқын қыз”, “Рауа бану”, т.б.) жазған.

Шығармалары

Білім-ғылымды:

Адамдық пен ізгілікті:

Өлеңдері

Жырлары

Айтыстары

Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды.

Тұрмағамбет бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі – топтық өнер жарысын қалыптастырды. “Алты ақынның өмір туралы айтысында” поэтик. пікір жарысы филос. сұхбат түріне жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың қасиеттеріне теңестіріледі. Тұрмағамбет ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешеннің рөлін де атқарған. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері Тұрмағамбет ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді. Тұрмағамбеттің “Құрбанғалиға”, “Құлжан биге” атты сатиралық эпиграммасынан сарказм байқалады. Ақын 1936 жылы Фердоусидің “Шаїнамасын” қазақ тіліне еркін аударма жасады (40 мың жол). Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т.б. зерттеушілер жоғары бағалаған. Туындының “Рүстем – Дастан” аталатын бөлімі 1961 жылы, “Шаxнамауылы Рүстем – Дастан” деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Бес ғасыр жырлайды” (1985), “Қасиетті Қармақшым” (2003), “Ғасырлар толқыны” (2004) жинақтарына енген. Зерттеуші Байділдаев Тұрмағамбеттің ел аузында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, “Назым” деген атпен 1972, 1982 жылдары жарыққа шығарды. Ө.Күмісбаев Тұрмағамбеттің “Рүстем – Дастанын” жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі “Шаїнамамен” салыстыра зерделеді (“Т.Изтлеуов и его Рустем – Дастан”). Ұ.Жанбершиева ғылыми-зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтик. сөз жүйесін саралады (“Т.Ізтілеуовтің поэтикалық творчествосы”). Ақын қолжазбалары ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.

Сілтемелер

“«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
“«Тұрмағамбет Ізтілеуұлы»: Шығармалары / Баспа директоры: Есенғали Раушанов - Алматы «Жазушы» Бас редакциясы, 2007 ISBN 9965-21-513-8, I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұрмағамбет Ізтілеуұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}