Төленгіт 1 мекенжұрты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төленгіт 1 мекенжұрты немесе 1-Төленгіт елді мекеніОңтүстік Қазақстандағы І - VII ғғ. археологиялық ескерткіш.

Географиясы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Көкмардан ауылынан оңтүстік-батыста, 9 шақырым жерде, Ақсу тармағының қасында. Географиялық координаты 42Т443207, UТМ 472755.

1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) ашып, Аты жоқ төбе 1 ретінде зерттеген. 2005 жылы археологиялық ескерткішті Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының отряды (К.М. Байпақов, Д. А. Воякин) екінші рет зерттеген.

Жоспарда төртбұрышты болып келген, "алаңқайлы төбе" типіндегі ескерткіш. Бұрыштары дүниенің төрт бұрышына қараған. Етегінің көлемі 55x55 м, жоғарғы жағы: сотүстік-батыс жаны 30 м, сотүстік-шығысы -25 м, оңтүстік-шығысы -25 м, оңтүстік-батысы - 30м. Алаң негізгі төбеге оңтүстік -батыстан жапсарласады. Оның көлемі 90x90 м, биіктігі 0,7 - 1 м. Орталық төбенің қақпасы оңтүстік-батыс қабырғада орналасқан. Ескерткіш бетінен алынған керамика ішінде Қостөбе (оңтүстік) керамикасымен сәйкес қолдан жасалынған сырсыз ыдыстар сынықтары бар. <ref>Акишев К. А., Байпаков К. М., Ерзакович Л. Б. Древний Отрар, АлмаАта, 1972. C.139.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер