Түзеу психологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түзеу психологиясызаң психологиясының саласы; құқық бұзушыларды көбіне еңбекпен түзеу мекемелерінде түзеу мен қайта тәрбиелеудің жағдайлары мен ерекшеліктерін (бұл адамдардың зияттылық және тұлғалық қасиеттерін, олардың түзеу мекемелеріне бейімделу процесін, бостандығынан айырылудан болған психикалық күйін, еңбекке дұрыс көзқараспен қарауға тәрбиелеу әдістерін, түзелуге ден қоюшылықтың қалыптасуын) зерттейді. Түзеу психологиясы жекелеген құқық бұзушылардың психологиясын, сондай-ақ қамау орындарындағы ресми және бейресми топтардың құрылымын, олардың құралу және қарекет механизмдерін зерделейді. Түзеу психологиясы бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері құқық бүзушыларды қайта әлеуметтендіруге, олардың бостандықтағы қалыпты өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыруға, сондай-ақ қылмыскерліктің қайталануына жол бермеуге бағытталған практикалық психологиялық-педагогикалық ұсыныстар белгілеуде пайдаланылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}