Заң психологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заң психологиясы — заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала

  • сот психологиясы,
  • қылмыс психологиясы,
  • еңбекпен түзету психологиясы (пенотенциарлы) деп аталатын тармақтардан тұрады.

Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындагы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}