Тілеу Айтұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілеу Айтұлы (1630, қазіргі Ақтөбе облысы – 1684, Сайрам қаласы) – би әрі батыр қолбасшы. Ноғай ұлысының билеушісі Мұсаның ұрпағы, Мөңке бидің әкесі. Күлтөбеде Тәукені хан сайлауға, Сұпы Әжіні пір сайлауға қатысқан. Тілеудің Есіркеміс Тілеуұлы, Алдаберді Тілеуұлы, Жолдыаяқ Тілеуұлы, Жақсымбет Тілеуұлы, Мөңке би есімді балалары болған. 1681 – 84 жылдары жоңғарлармен болған Сайрам соғысына 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ Тілеуұлы, інісі Қалдыбай Қангелдіұлы батырларды ертіп барып, соғысқан. 1684 жылы Сайрам қаласынан қорғаудағы шешуші ұрыста өзі де, баласы Жолдыаяқ та опат болды. Екеуінің сүйегі Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. Есімдері кесенедегі ескерткіш-тақтада жазулы. Түркістан қаласында Тілеу, Жолдыаяқ батырлар атындағы көше бар. Кіші жүздегі рулы ел Тілеу есімімен аталады. “Тілеу Қабақ” әні Айттан туған ағайынды Тілеу мен Қабаққа арналған. Тілеудің тікелей ұрпақтары: Қаражігіт молда Бектауұлы, Мырзағұл би Шыманұлы, Достан би Тәңірбергенұлы, Сарышолақ шайыр, Сары Батақұлы, Таразы ақын, жазушы Тахауи Ахтанов, саясаткер Марат Тәжин, т.б.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тілеу Айтұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}