Сары Батақұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сары Батақұлы (1863, қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Талдықұм ауылы — 1895, сонда) — ақын, әнші. Жасынан зерек, алғыр, ән-жырға әуес болып өсіп, ел арасында “әнші бала” атанған. Ол өлеңдерінде өз заманындағы әділетсіздікті, озбырлықты әшкерелеп, соның салдарынан қуғынға ұшыраған. Ырғыз, Орынбор, Орск түрмелерінде тұтқында болып, Сібірге айдалған. Кейін Орск маңындағы Шиелісай деген жерде қазаға ұшыраған. Оның “Дариға”, “Әридай”, “Дүния”, “Қыс Қосан”, “Сарының Сібір айдалып бара жатқандағы әні”, “Туған ел” атты әндері туған елге, жерге деген сағынышты танытады. Сарының “Сарының әні”, “Туған ел” атты әндері “Амангелді” көркем фильмінде пайдаланылды. Ол жөнінде А.Жұбанов “Сары” атты музыкалық пьеса (1940 жылы, либреттосы Ә.Тәжібаевтікі) жазды.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}