Туынды сульфидпен баю белдемі
Туынды сульфидпен баю белдемі — сульфидті кенорындардың тотығу белдемінен төменірек орналасқан, яғни грунт сулары деңгейі мен тұрып калған су қабатының беткі жазықтығы аралығын қамтитын белдем. Грунт сулары бұл өңірде бейтарап күйге, тіпті сілтілі жағдайға ұшырайды; осы суларда еріген тұздардың бастапқы сульфидтермен әрекеттесуі нәтижесінде туынды сульфидтер қалыптасады; негізінен мыс сульфидтерінен тұратын бұл минералдар (халькозин, ковеллин, борнит) мейлінше бай мыс кендері болып табылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>