Халькозин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox mineral Халькозин (грекше chalkos — мыс), мыс жылтыры — сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Cu2S, мұндағы мыстың мөлшері 79,86%, қоспалары: Fe, Ag, Co, , Au, As. Төменгі температурада ромбылық, жоғарғы температурада гексагондық сингонияларда кристалданып, призма, қалақ, дипирамида тәрізді кристалдар түзеді.Сингониясы — ромбылық (төмен температуралы) және гексагондық пен текшелік (жоғары температуралы модификациялары). Кристалдары — тақта, призма, агрегаттары тұтас майда түйірлі масса не сеппе. Агрегаттары ұсақ түйірлі сеппе түрінде болып келеді, түсі сұр, қара, металл тәрізді жылтыр, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2,5 — 3, тығыздығы 5,5 — 5,8 г/см3, электр тогын өткізеді. Мыс және полиметалл кендерінің сульфидтермен қайта баю белдемдерінде кездеседі. Қазақстанда Жезқазған, Қоңырат кендерінде кездеседі. Халькозин — бағалы мыс кентасы. Жаратылысы — гидротермалық және экзогендік; мыстың кені.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub