Мачу-Пикчу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Machu Picchu Location.png
Мачу-Пикчудің картадағы орыны

Мачу-Пикчу (испанша: Machu Picchu, кечуа: Machu Piqchu, мағынасы "ежелгі тау" деген сөз;) - Перу аймағында орналасқан Колумбдан бұрынғы көне Инк империясының қала қалдығы, оңтүстік Америка құрлығындағы тарихы сырлы, көрінісі айбынды ежелгі қала. Батыс солтүстік жағында Кускодан 130км қашықта, бүкіл қала теңіз деңгейінен 2350—2430 биіктегі тау қырқасына орналасып, Урубамба өзені шатқалына биіктен қарап жатыр.<ref name="unesco"/><ref name="UNESCO WHC">UNESCO World Heritage Centre.</ref> Ол қазіргі заманғы Әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі есептеледі.

Сурет:View Onto Machu Picchu.jpg
Мачу-Пикчуді оның төбесінен қарау

Оңтүстік Америка еліндегі асқар тау баурайындағы Мачу-Пикчу қаласы 400 жылға жуық өмір сүрген, ол шамамен1450 жылдары Инк Империясының өркендеген тұсында салынған.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кетті делінген жорамал бар. Ал Испан конкисдаторлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады<ref name="Wright Valencia 1">Wright & Valencia Zegarra 2001, 2003, p.1.</ref><ref>Үлгі:Cite book</ref> 1911 жылы Америка ғалымдары көне қаланы табады. Аталған қала орынында ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған.

Оның жайласу орны ерекше, табиғаты ғажайып, байқалған уақыт кештеу (1911ж.). Ол Инк империясының ең маңызды тарихи белгісі есептеледі. 1983 жылы Мачу-Пикчу ғибадатханасы ЮНЕСКО-ның адамзаттық тарихи мұралар тізіміне еніп, мәдени және табиғи жаратылысы бірдей қорғауға алынды.<ref name="unesco">Үлгі:Cite web</ref> Дегенмен, кезекте аталған қала әлемде туризмнен жапа шегуі ауыр мәдени, тарихи орындардың бірі есептеледі.

Тарихы

Сурет:MachuPicchu TerracedFields (pixinn.net).jpg
Ауыл шаруашылығына арналған сатылы атыздар

Зерттеулерге байланысты Мачу-Пикчу Инк билеушісі Pachacuti 1440 жылдары салдырған, 1532 жылы испандар Перуді бойсұндырғанда бұл қалада адамдар болған делінеді. Археологиялық қазбалар мен бодандар туралы дереккөздерге негізделгенде, аталған қала жай қала емес, Инк ақсүйектерінің тынығатын, тәрбиеленетін ерекше орыны болған (бейне Рим манор бағы секілді). Қаланы зерттеу барысында, ғалымдар құрылыстардың көп бөлігі сарай, ғибадатхана, қоныстанушылар үйі, қоймалардан құралатыны анықталған. Зерттеулер бойынша аталған қаланың халқы ешқашан 750 -ден асып көрмепті.

Сурет:Machu Picchu16.jpg
Қалап салынған тас қабырға

Инк патшасының бұл жерден қала салу себебінің географиялық, жер бедеріндік себептері болған. Олар Күн Құдайы Интиге сыйынған. Рауаяттар бойынша, Мачу-Пикчудің кейініндегі тау Инктер табынатын аспанның беті есептелген, ал таудың ең биік шоқысы оның мұрыны есептелген. Инктер таудың өзінен тас қазуға болмайды деп есептеп, тау етегіне шашылған тастардан осы қаланы тұрғызыпты. Олар тастарды өте дәлдікпен күрделі өлшемде кескені сонша, жымдастырылған тастар арасындағы бостық 1мм-ге жетпейтін болған.

Сурет:40375953 macchupicchu203b (1).jpg
Esteban Pavletich (es) және Пабло Неруда Мачу-Пикчуде

1913 жылы АҚШ мемлекеттік география журналы 4 ай бойы Мачу-Пикчу туралы жазып, бұл тастанды қала әлем саяхатшыларының жаппай құштарлығын оятты.

Мачу-Пикчу – инктер қаласының шын аты емес болатын. Бұл жергілікті тұрғындардың қойған аты. Оның шын әуелдегі аты белгісіз. Сонымен қатар, қаланың не себепті мемлекет астанасынан алыс және 2057 метр биіктікте салынғаны әлі де құпия болып отыр.

Қала 3 бөлікке бөлінген: ғибадатханалар ауданы, адамдар тұратын аймақ және молалар. Біздің заманымызға дейін Үш Терезе ғибадатханасы сақталған. Терезеден түсетін күн сәулесі инк империясының негізін қалаушыларды білдіреді.

Сурет:Stamps of Germany (DDR) 1974, MiNr 1921.jpg
Неміс пошта маркасындағы Пабло Неруда

2003 жылы шамамен 400 000 адам Мачу-Пикчуді серуендеген. ЮНЕСКО бұл тарихи орынның саяхатшылар (туристер) жағынан бүлдірілуіне айырықша назар аударды. Дегенмен жергілікті үкімет саяхат ісінен түсетін пайданы көздегендіктен, саяхатшылар легін тосып қала алмады. Олар аталған тау жотасына трамвай қатынатқысы келсе де, оған рұқсат етілмеді.<ref name=Nava1976p9-10>Үлгі:Cite book</ref>

Перу ақыны Пабло Неруда өзінің осы Мачу-Пикчуді зиярат еткен соң жазған ең әйгілі шығармасы «Мачу-Пикчу шоқысы» дастанында мынадай мағынада өлеңмен жырлады:

Үлгі:Дәйексөз

Орны

Мачу-Пикчу қаласы Кусконың 130км батыс солтүстіктегі Мачу-Пикчу тауының қыратына салынған. Ол орталық Американың ең маңызды мәдени мұрасы, әрі Перудің де ең таңдаулы саяхат (туризм) орталықтарының бірі.

Тау қырқасындағы Мачу-Пикчу жаламасы маңынан Урубамба өзенінің айналасындағы тік жаламаларды көре аласың. Тауда бас айналуды жеңу үшін адамдар Coca жапырағын, немесе пенициллиннен де пайдасы зор хош иісті muña-ны шайнайды.

Мачу-Пикчудің керемет географиялық орны оны әскери бекініс етудің идеал орнына айналдырған, оның жайласқан жері ұзақ заман байқалмаған әскери құпия болғаны да содан. Мачу-Пикчудің тура координатасы 13°9′23″S 72°32′34″W.

Мачу-Пикчу қорығы

1981 жылы Мачу-Пикчудің төңірегіндегі 32,592гектар жер Прудің тарихи қорық районы етіп бекітілді. Бұл өңір қала қалдықтарын, айналасындағы жерлерді, хайуанаттар мен өсімдік жамылғысын, әсіресе сол өңірде шығатын Орхидея гүлін қорғауға алады.<ref name="ecoregions">Үлгі:Cite journal</ref>

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Мачу-Пикчу Инктердің 「llacta」-сы, яғни, үстемдік етілетін өңірдің экономикасын басқарып бақылау орталығы, шабуылға ұшырағанда Инк ақсүйектерін қорғайтын қамал есептеледі. Бұл жер Zapa инктерінің көз жұматын және күзететін бекеті. Испандар оларды жеңген соң, бұл қала Manco инктерінің қарсылық көрсету бекінісі болған.

Үш бөлік

Сурет:Karta MachuPicchu.PNG
Мачу-Пикчу картасы

Археологтар Мачу-Пикчуді үш бөлікке бөледі: Қасиетті өңір, Оңтүстік қарапайым өңір және Дін қызметкері мен ақсүйектердің қоныстану өңірі.

Қасиетті өңірдегі "қасиетті күн құдайы Интидің (Inti) күн байлайтын тасы", "күн ғибадатханасы" және "үш терезелі үй" қатарлылар маңызды археологиялық мұралар есептеледі. Қоныстану өңірінің бір бөлігі ақсүйектерге арналған, олар сатылы жолдың үстіне салынған болып, Amantas-тар (даналар) қызыл түсті дуалда тұрса, Ñustas-тардың (ханызадалар) тұрағы сатылы үй болған. Негізгі қорғандағы бір өңір арнайы түрде қылмыскерлерді жазалауға арналған түрме есептеледі. Тастан жасалған қабірлерде діни мұрасымдар мен құрбандықтар, тасаттықтар жиі өткізіліп тұрған. Олардың ортасындағы кеңістік кемерлі болған және тамдарға түрлі ою-өрнектер ойылған.

Құрылыс

Сурет:Machupicchu intihuatana.JPG
Қаладағы тас үйлер

Мачу-Пикчудегі құрылыстар инк мәдениетінің дәстүріне тән. Онда дуалдар тәртіпті пішінде қашалған тастардан ғажайып үйлесімділікпен жымдастырылған. Қабырғалардағы тастар арасына ешқандай пышақ батпайды, олардың қалай солай дәл үйлестіріліп бір-біріне сәйкес жиналғаны әлі де құпия есептеледі.

Сурет:Intihuatana Solar Clock.jpg
Күн сағаты - Intihuatana
Инктер шеңберді (Күн құдайы Инти солай бейнеленеді) білгенімен, құрылысқа дөңгелек пайдаланбаған. Құрылысқа пайдаланылған сонша көп тасты қалай тасып жеткізгені қазірге дейін жұмбақ. Инктер шеңбер пішінді (дөңгелекті) пайдаланбағанымен, бірақ олар қайқаң атаулыны толық пайдаланған.
Сурет:Pachamama.jpg
Күн ғибадатханасындағы аспанды күзетуге арналған су айналары. Ол әдетте "Pachamama (Жер-Ана) көзі" деп аталады<ref>Federico Kauffmann Doig: Machu Picchu - Tesoro Inca, Lima 2005, ISBN 9972-40-341-6</ref>
Олар мың-миллиондаған адамның күшімен алып тастарды таудың қырына сүйреп шығарған секілді. Өкініштісі, Инктер жазу өнерін игермегендіктен, бұл туралы ешқандай жазба сөз қалтырмаған.

Бүкіл қала орны 140 шақты құрылыстан құралады. Олар ғибадат орны, қорғаныс орны, бау-бақша, қоныстану орындарынан құралады. Бұл жерде 100 -ден артық баспалдақ бар, әрқайсысы үлкен бір гранит тастардан қашалған. Сондай-ақ мұнда су басейні, өлшемді ойылған тастардан жасалған кәріз-құбыр жүйесі бар.

Әлі күнге адамзат инк мәдениетінің неге сүйеніп салмағы 20 тоннадан асатын тастарды Мачу-Пикчу тауының басына сүйреп шығарғанын біле алмай келеді.

Инк торабы

Колумб заманынан бұрынғы оңтүстік Америка мәдениеті жасаған сансыз жол тораптары арасында Инктер жасаған жол торабы өзгеше көз тартады. Жол торлары Инк империясының орталығы Кускоға түйінделген. Сол жол тораптарының бірі осы Мачу-Пикчуге апарады. Инктер теңізді жағалаған жолдарды Camino de los llanos (жаттық жол) деп атаса, тау жолдарын Cápac Ñam (тау жолы) деп атаған екен.

Қазір жылына миллиондаған саяхатшы инк жолдары арқылы - әсіресе Cápac Ñam арқылы - аттанып, Кускодан екі күн жүріп Анд тауынан аса алады.

Қайта байқалуы

Сурет:Hiram Bingham III at his tent door near Machu Picchu in 1912.jpg
Хайрем Бингем Мачу-Пикчуге жақын жердегі шатырында, 1912ж.

Әлем археологтарының арасында инктердің құпия қаласы туралы алып-қашпа әңгіме көп тарайды. Сол себепті америкалық Хайрем Бингем (Hiram Bingham III) Инктердің жоғалған қаласы Vitcos-ты іздеп, зерттеуге бел байлайды. Арада бірнеше жыл өткен соң, 1911 жылдың 24 шілдесінде археолог осы қалаға ат басын тірейді. Тарихқа көз жүгіртсек, Бингем өзінің жергілікті досымен бірге таулардың біріне көтеріліп, екі үндіс отбасына кезігеді.<ref name=autogenerated1>Үлгі:Cite web</ref> Осы отбасының біріндегі кішкентай бала қалаға апарар жолды көрсетіп, Мачу-Пикчу қаласының табылуына себепші болады. Хайрем Бингем осы жерде археологиялық зерттеуін жазып, оған «Жоғалған Инк Қаласы» деген қызықты ат қояды.

Сурет:124 - Machu Picchu - Juin 2009.jpg
Мачу-Пикчудегі үйдің терезесінен қарағанда

2002 жылы, аталған қалаға келген басқа да зерттеушілердің ізі табылды. Яғни, Бингем бұл қаланың тұңғыш байқаушысы болу үшін, аталған деректерді әдейі жасырған деген де пікірлер бар.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>

Әрине, Хайрем Бингем бұл құпия қаланың ашылуына өз еңбегін сіңірді, бірақ ұзақ уақыт Мачу-Пикчуді зерттеген Simone Waisbard деген ғалым ақыр-соңы бұл жерге ең алғаш келгендер Palma,Gabino Sánchez және Agustín Lizárraga қатарлылар екенін, олар 1901 жылы 14 шілдеде осы иен қаладағы тастарға өз аттарын жазып кеткенін анықтайды. Ал Бингем әу баста Инктердің жоғалған қаласы Vitcos-ты іздеп шыққан екен. Ол Инк империясы Испандармен соғысқанда Перудегі ең соңғы жасырынған және қарсылық көрсеткен қаласы есептеледі. Осы сырлы қаланы іздеп жүріп, ол Кечуалықтардың жол бастауында Мачу-Пикчуге келеді. Ол бұл қалаға 1915 жылға дейін бірнеше рет келіп, өзінің әйгілі «Жоғалған Инк Қаласы» кітабын жазады.<ref>Bingham, Hiram (with an introduction by Hugh Thomson) (Reprint by Phoenix, 2002) "Lost City of the Incas. The story of Machu Picchu and its builders"</ref>

Қолды болған тарихи мұралар

АҚШ археологі Хайрем Бингем ІІІ 1911 жылдан бастап Мачу-Пикчуден "жалдадым" дегенді сылтауратып, 4 мыңға жуық мәдени мұраны Яле университетіне тасып кетеді. Перу үкіметі қайта-қайта талап еткенімен, сол мәдени мұралар күні бүгінге дейін отанына қайтқан жоқ!<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>

Перу үкіметі мен Яле университеті арасында көп жыл осы мәселеге байланысты таласты пікір бар. Ең ақырында АҚШ президенті Барак Обама Пру президентімен осы туралы әңгімелесіп, Яле университетін мұраларды қайтаруға үндеді. Сөйтіп 2011 жылы Яле университеті мәдени бұйымдарды қайтаратын болып келісіп, алғашқы 366 мәдени мұраны 2011 жылы 30 наурызға (сәрсенбі) дейін Перуге қайтаратын болды.

Түрлі тұрғыдан қарағандағы толық кескіні

Үлгі:Wide image Үлгі:Wide image Үлгі:Wide image Үлгі:Wide image Үлгі:Wide image Үлгі:Wide image

Әріптес қала

Мачу-Пикчуге бауырлас қала әлемде Иорданияның Петра қаласы есептеледі. Бұл екі қала өзі тәуелді мәдениетте өзекті орынға ие, бүкіл әлемнің назарын аударған ғажайып қала екен.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер