Торғай облысы (Қазақстан)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әкімшілік бірлік Үлгі:Мағына Торғай облысыҚазақ КСР (19701988) және Қазақстан Республикасының (19901997) құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Арқалық қаласы.

Географиясы

Облыс Қазақстанның орталық бөлігінде, Есіл және Торғай өзендерінің алабында орналасты. Ауданы 111,9 мың. км2. Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола облысы және Жезқазған облыстарымен шекаралас болды.

Тарихы

1970 жылдың 23 қарашасында Қазақ КСР-ның құрамындағы Қостанай облысының шығыс аудандарын Ақмола облысының батыс аудандарымен біріктіру арқылы Торғай облысы құрылды. Облыс орталығы болып Арқалық қаласы белгіленді. 1988 жылдың 2 маусымында облыс таратылды.

1990 жылдың тамыз айында облыс қайтадан құрылды. 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының құрамында. 1997 жылы Торғай облысының территориясы Қостанай және Ақмола облыстарына бөлініп берілді.

Әкімшілік бөлінуі

1988 жылы Торғай облысының құрамына 1 облыстық бағыныстағы қала (Арқалық) және 9 аудан кірді:

Аудан Орталығы Халқы<ref name="ДW">Үлгі:Cite web</ref>
(1989), чел.
1 Арқалық қалалық кеңесі Арқалық 62 367
2 Амангелді ауданы Амангелді 27 998
3 Арқалық ауданы Арқалық 23 216
4 Державин ауданы Державинск 30 634
5 Жангелді ауданы Торғай 28 765
6 Есіл ауданы Есіл 44 466
7 Жақсы ауданы Жақсы 20 542
8 Жаңадала ауданы Тасты-Талды 13 058
9 Қима ауданы Жаңақима 21 110
10 Октябрь ауданы Октябрьское 22 852

Халқы

Ұлттық құрамы

КСРО-ның 1970 жылғы халық санағы бойынша облыстың ұлттар құрамы төмендегідей болды: қазақтар (32,5 %), орыстар (33,7 %), украиндар (15 %), сондай-ақ немістер (5,2 %), белорустар (4,7 %), татарлар, өзбектер, башқұрттар, марилер, чуваштар, молдавандар, удмурттар, мордвалар және т.б. Халықтың орташа тығыздығы — 1 км2-ге 2,3 адам болды . Қала халқының үлесі 31 % (80 мың адам., 1975) құрады.

Сыртқы сілтемелер

Тургайская область

Дереккөздер

<references/>