Токио университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет Токио университеті (Токио дайгаку, немесе қысқаша – Тодай) - Жапонияның ең ескі де, ең беделді университеттерінің бірі. Университет 1877 жылы құрылған және 1949 жылға дейін «Император университеті» мәртебесін алған. Құрылған күннен бастап ол мемлекеттік университет болып келеді және жапон үкіметі тарапынан демеушілікке де ие. Университет түлектерінің арасынан атақты саясаткерлер, экономистер шыққан. Әдебиет факультетінің екі түлегі – Нобель сыйлығының лауреаттары (Кавабата Ясунари және Оэ Кэндзабуро деген жазушылар).<ref>" The Incubent ", Tansei Volume 9</ref>

Факультеттер

  • Заң факультеті;
  • Медицина факультеті;
  • Техникалық факультет;
  • Әдебиет факультеті;
  • Ғылым факультеті;
  • Ауыл шаруашылық факультеті;
  • Экономика факультеті;
  • Өнер факультеті;
  • Педагогика факультеті;
  • Фармацевтика факультеті;
  • Тарих факультеті

Жалпы анықтама

  • Оқу мерзімі: бакалавриат: 4-5 жыл; магистратура: 1,5-2 жыл.
  • Рейтинг: «Әлемнің ең мықты 100 ЖОО-сы» рейтингісінде 25 орында
  • Оқу құны: 500 – 800 мың иен/жыл; 6000-10000$/жыл
  • Жататын орны мен тамағы: 45-60 мың иен/ай немесе 550-750$/ай – жататын орын, 70-90 мың/ай немесе 875-1125$/ай - тамақтануға

Оқуға түсу ережелері

  • Міндетті түрде 11-12 сынып бітіргені жайлы куәлік көрсету;
  • Жас мөлшері 18+;
  • Жалпы ағылшын тілі бойынша емтихан тапсыру (The General Examination for foreign students немесе TOEFL)
  • Жапон тілін білу туралы сертификат

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер