Тозаңды талдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тозаңды талдау (Палинологический (спорово-пыльцевой) анализ; Үлгі:Lang-el ) — геологиялық географиялық зерттеулер (стратиграфия, палеогеография, геоморфология, океанология, археология, гляциология, тағы басқа) кезінде кең қолданылатын палеоботаникалық әдістердің бірі. Бұл әдістің әсіресе палеофлористика үшін мәні зор. Атап айтқаңда, әр түрлі ботаникалық-географиялық белдемдердің (тундраның, тайганың, даланың, шөлдің, саванналардың, тағы басқа) қазіргі заманғы өсімдіктерінің шығу тегін және қалыптасуын айқындауда қолданылады. Тозаңды талдаудың зерттеу объектілеріне жер беті өсімдіктсрінің микроскопиялық қалдықтары — тозандары мен споралары жатады. Өсімдіктер органдарында көп мөлшерде дами отырып тозаңдар мен споралар пісіп жетілгенде сыртқа төгіледі де, өндіруші өсімдіктің айналасындағы дәуір қашықтыққа таралады. Топырақ бетіне немесе суқоймаға түсіп, қабықшасының ерекше тұрақтылығынан тозаңды дөндер кәміліп қазынды күйге өтеді. Бұл әдістің иегізін академик В.Н.Сукачев (1880-1967) қалады. Споралы-тозаңдық әдіс палеогеографияда, әсіресе, өткен дәуірдің палеоклиматы мен палеоландшафтарын зерттеу үшін кең колданылады. Мұның қазіргі заманғы бір сыпыра экологиялық проблемаларды (көшетхана эффектісін, ормансыздануды, шөлденуді, тағы басқа), сондай-ақ қоршаған ортаның ұзақ мерзімдік географиялық болжау проблемасын шешу кезінде маңызы зор.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тозаңды талдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}