Палеогеография

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Pangea animation 03.gif
Континенттердің Пангей заманынан қазіргі заманға дейінгі қозғалысы

Палеогеография (Үлгі:Lang-el– ежелгі және география) – Жердің өткен геологиялық дәуірлердегі физико-географиялық жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылым; Жердің географиялық қабығының даму заңдылықтарын және табиғат пен адамның өзара әрекеттестігінің тарихын зерттейтін ғылым. 19 ғасырдың ортасында қалыптасты. Зерттеу әдістері мен міндеттері жағынан тарихи геологиямен салалас.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Палеогеографияның негізгі мақсаттары: қазіргі табиғи ортаның жағдайын бағалау үшін әр түрлі аймақтағы геологиялық дәуірлердегі табиғи жағдайлардың динамикасын зерттеу; литологиялық-фациялық, ландшафтылық, климаттық және т.б. аймақтық және ғаламдық карталар түріңде кеңістіктегі қайта құрулар әзірлеу; табиғи өзгерістердің себебін анықтау. Палеогеографиялық қайта құру әдістері көне бедердің, тау жыныстарының жату жағдайын, бір жастағы қат-қабаттарды талдауға (соның ішінде олардың заттық құрамын, радиоизотоптық және палеомагниттік қасиетін), үгілу қабығының қалдықтарын, қазба топырақтарды, тоңды формацияларды, флора мен фаунаны, археологиялық қоныстарды зерттеуге негізделген. Палеогеографияға палеогеоморфология, палеоклиматология, палеобиогеография және т.б. жатады.<ref>Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Басты тәсілі:

  • тау жыныстарында сақталған макро-микроскоптық органик қалдықтарды зерттеу.
    Палеогеографиялық әдістер – ежелгі жер бедерін зерттеуге, тау жыныстарының жатысын, бірдей жастағы қат-қабатты фациялық талдауға, мору қыртысының қалдықтарын, топырақ қазбаларын, тоң формацияларын, флора, фауна қалдықтарын, археологиялық тұрақтарды зерттеуге негізделген. Палеогеография геофизика, геохимия, климаттану, палеоэкология, палеонтология, тектоника, литология, фация туралы ілімдермен тығыз байланысты.
    20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Палеогеографиялық зерттеулер кен байлықтарын іздеуге бағыт сілтейтін ғылымға айналды. Палеогеографиядан палеоклиматология, палеовулканология, палеогеоморфология, палеобиогеография қалыптасты.<ref name="source1">"Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев."</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geo-stub