Техникалық, талшықты дақылдар мен дәрілік өсімдіктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Техникалық дақылдар дегеніміз - кез-келген мүшелерінен өндіріске

қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер. Талшықты өсімдіктер де техникалық дақылға жатады. Техникалық дақылдардан қант, крахмал, май,илік заттар, өзге де қажетті заттар алынады. Алайда техникалық дақылдарды өзге мәдени дақылдардан ерекше шектеп қарауға болмайды. Өйткені техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік қасиеттері де болуы мүмкін.

Үпілмәлік (клещевина) - көпжылдық сүттіген тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын техникалық дақыл. Ол - биіктігі 10 метрге дейін жететін бір үйлі өсімдік. Бірінші жылы сабағының биіктігі 60-500 сантиметрге жетелі де күзгі салқында тіршілігін тоқтатады. Сабағының іші қуыс, буын-буынды, көп бұтақты болып келеді. Жапырақтары үлкен, ұзын сағақты. Гүлшоғыры - бұтақтар ұшында болатын шашақгул. Оның астыңғы бөлігінде аталық гүлдер, үстіңгі бөлігінде аналық гүлдер орналасады. Жемісі - қауашақ. Қауашағы домаланған немесе сопақтау, үш ұялы болады. Әрбір ұнда бір-бірден тұқымы бар. Қауашақ сыртын тікенектер қаптайды. Үпілмәліктің тұқымында 40-58%-ға дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металлургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы жеуге жарамсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Үндістанда, басқа да елдерде түтіндемейтін болғандықтан, майшам ретінде пайдаланылады. Сабағының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқылады. Оның отаны - Шығыс Африка. Қазақстанда бір түрі - кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған біржылдық өсімдік. Оның биіктігі 60-400 сантиметрге дейін жетелі. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12-14С- де өнеді. Өсімді кезеңі 110-150 күн. Үпілмәлікті екпе дақылдар тәрізді жыртылған жерге кең қатарлап себеді. Себу нормасы - 1 гектарға 25-30 килограмм тұқым шашылады.

Тұқымның сіңірілу тереңдігі 8 - 1 0 см. Суарыл маған жағдайда - гектарынан 7-12 ц, суармалы егістіктен 16-20 ң түсім алынады.

Бұйдакендір (канатник)- құлқайыр тұқым дасқа жататын біржылдық, шөптекті өсімдік. Оның жапырағы, гүлдері ірі болады. Күлтесі - сары түсті. Жемісі - 11-30 ұялы қауашақ. Қауашақтың әр ұясында 3 - 5 ұсақ тұқымдары болады. Бұйдакендірдің сабақтарында 17-27% талшық бар, одан арқан есетін, қап тоқитын жіп алынады. Тұқымында тек техникалық мақсатқа пайдаланылатын 18-20% май болады. Отаны - Қытай деп есептеледі. Қазақстанда Каспий теңізінің маңында, Мұғалжарда өседі. Торғай, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Бұйдакендір жарық сүйеді, ыстыққа төзімді. Ол топырақта ылғалдықтың жетімсіздігіне төзе алмайды. Топырақ жылылығы 10-12С болғанда кең қатарлы әдіспен бұйдакендір тұқымын егуге болады. Тұқым себу нормасы - гектарына 12-20 килограмм, сіңіру тереңдігі 3 - 6 ем. Тұқымы пісіп жетіле бастағанда бұйдакендірді талшығы үшін жинап алады. Адам өмірінде дәрілік өсімдіктердіц маңызы зор.

Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам өсімдіктердің 500- дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Бақбақ, долана, адыраспан, рауғаш, ермен, уқорғасын және өзге де дәрілік өсімдіктер бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент фармакологиялық зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана дәрі алу мақсатында өсіріледі.

Жалбызтікен (алтей)- құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150 сантиметрге дейін бойлай өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тік орналасқан жуан әрі қысқа тамырынан көптеген жанама тамырлар тарайды. Сабақтары тамырдан тікелей өсіп шығатындықтан, жуан тамырдың жоғары жағы тармақталып, әрбір сабақтың түбінде жұлым-жұлым ұйысқан түктер болады. Ұзындығы әр түрлі (2,5-15 см) сағақты, ара тісті жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақтарының екі жағын біркелкі қысқа түк қаптайды. Дәрілік жалбызтікен маусым - қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты, әрбір жапырақты қолтығында топтасып орналасады, 15- 20 жемісшеден қүралған жемістері болады. Бұл өсімдікті Қазақстанның барлық аумағынан: ылғалды, батпақты жерлерден, көл маңынан, тау етектері мен өзен жағалауынан, егістік жерлерден кездестіре аламыз.

Тіршілік көзі - табиғат. Табиғат өсімдікке бай. Олардың саны азайып, жойылып кету қаупі тұрғандары қаншама?! Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген өсімдіктерді ғана емес, өзге де жабайы өсімдіктерді аялап, қорғай білу - спарыз. Бірде-бір өсімдіктің қалай болса солай жұлынып қалуын болдырмау - адамзат тіршілігі мен рухани байлығын сақтап қалу екенін үнемі есте ұстау керек. Өсімдіктің қадір-қасиетін қазақ халқықсы түсінген. Не бір даналық сөздерді халқымыз өсімдіктерге бағыштаған. Өндірістің әр саласына шикізат беруге арнайы өсірілетін өсімдіктер техникалық дақылдар деп аталады. Олардан өндірілетін өнімдерге байланысты техникалық өсімдіктер май алынатын, тоқыма үшін пайдаланылатын, крахмал алынатын, каучук, қант алынатын дақылдарға жіктеледі. Сондай-ақ илік, бояу және дәрілік өсімдіктер де болады. Соған қоса техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік, мал-азықтық қасиеттері болатынын да ескеруіміз қажет. Адамның денсаулығын сақтауда дәрілік өсімдіктердің маңызы зор. Қазақстанда өсетін өсімдіктердің 500-ге тарта түрі дәрілік өсімдіктер. Аталған дақылдардың кейбірі улы болуы да мүмкін.<ref>Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub