Рауғаш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Рауғаш (Үлгі:Lang-la) – тарандар тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Ол Орта Азия, Болгария және Оңтүстік Сібір аумағынан шығады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Бұл көкөністің пайда болуы қызықты болып табылады. Онда рауғаш 3000 жыл бойы белгілі қытай асханасынан ол - Волга жағалауына, ал одан Ежелгі Грекияға және Ежелгі Римге қоныс аударды. Грек тілінде рауғаш «рабарбарос» деп аталады, аударғанда «Волга жағалауынан әкелінген жат көкөніс» дегенді білдіреді.

Құрамы

100г рауғашта – 16 ккал

Рауғаштың құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, B тобының дәрумендері, C дәрумені және каротин бар.

Пайдасы

Рауғаштың еліктіруі Рауғаш алғашқы көктемгі жемістердің бірі болып табылады. Әсіресе ол бізді өзінің жаңа піскендігімен қызықтырады. Рауғаш тамаққа оның жасыл немесе қызыл түсті сабақтарын қолдану үшін өсіріледі. Оның өзгеше қышқыл және шөл басатын дәмі бар және одан шырын, компот, ұннан пісірілген өнімдерге салынды әзірлеу үшін тамаша болып табылады.

C дәрумені

Рауғаш темір мен С дәруменінің молшылығымен белгілі. Ол ас қорытылуына мүмкіндік туғызады, гастритті емдейді, тәбетті жақсартады. Әсіресе ішекті тазартып, оның жиырылуын жақсартады. Рауғаш асқазан сөлінің және өт бөлінуіне себепші болады, бұл зат алмасуын жеделдетеді. Рауғаш тіпті семірумен күресте пайдаланылады. Бірақ оның құрамында қымыздық қышқылы бар, осыдан нашар еритін кальций оксалаты түзіледі, ол бүйрек тасы түрінде шөгуі мүмкін. Сондықтан оны тым жиі және көп мөлшерде қолданудың керегі жоқ. Артриттен, бүйрек тасы ауруынан және асқазан-ішек жолы ауруынан азап шегуші тұлғалар емдәмінде рауғаштан аулақ болуы тиіс.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рауғаш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}