Темірқазық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Flag of Alaska.svg
Жетіқарақшы мен Темірқазық
Сурет:Star Trail above Beccles - geograph.org.uk - 1855505.jpg
Солтүстік жартышардағы жұлдыздар ағыны, ортада Темірқазық

ТемірқазықКіші аю шоқжұлдызындағы 2-ші жұлдыздық шамада көрінетін жарық жұлдыз. Ол дүниенің солтүстік полюс нүктесіне өте жақын орналасқан және солтүстік жарты шардан көрінеді. Темірқазық – үш жұлдыздан тұрады. Оның ең жарығы айнымалы жұлдыз деп есептеледі. Қазіргі темірқазық — Кіші аю α жұлдызы есептеледі.<ref>There's More to the North Star Than Meets the Eye</ref>

Әдетте ауырлық күштің әсерінде ғаламшардың өз өсінде айналуы кеңістікте өзгеріс туғызады, оны әдетте өстік прецессия (axial precession) деп атайды. Жершарының айналу өсінің өзгеруіне ілесіп оның Темірқазығы (полюс нүктесі) де тарихта түрліше болған, болашақта да түрліше болады. Шамамен 4800 жылдың алдында, Полюс нүктесі жұлдызы Айдағар α жұлдызы болған. Ежелгі грекиялық жазбалар бойынша Темірқазық Кіші аю β жұлдызы болғаны анықталған. 2100 жыл өткенде қазіргі Кіші аю α мен темірқазық бағытының бұрышы ең кішкене болды (27'38"). Яғни, кезекте осы Кіші аю α жұлдызы жер үшін қозғалмайтын полюс жұлдызы есебінде жер шарының Темірқазығы есептеледі.

31 ғасырдан кейін Цефей γ жұлдызы жер шарының Темірқазығы болады. 14000 жыл шамасында уақыт өткен соң Лира α жұлдызы жер шарының темірқазығы болады.

Темірқазық жұлдызының маңызы

Темірқазық жұлдызы ежелден тартып ғарыштық жетектеуіш (аспан денелерін күзету арқылы бағытты ажырату) жолбелгісі есептеледі. Онымен алыс сапарға шығушылар, теңізшілер жақсы таныс болған. Қазақта "Темірқазықты білсең жолыңнан адаспайсың" деген мәтел бар. "Компас" секілді бағыт айыру құралдары болмаған замандарда солтүстік жарты шардың адамдары ашық түнде көбінесе Темірқазыққа қарап барар бағытын тапқан.

Қазақ әдебиетінде кездесетін Темірқазық тақырыбы

Темірқазықтың навигациялық жұлдыздар санатына жатуы ғана емес, оның қашанда бір тұстан тұрақты көрінуі де көптеген халықтардың мәдениетінде өзіндік маңызға ие символ белгіге, мәдени білім-тәрбиенің маңызды мазмұнына айналған.

Сурет:Zirkumpolar ani.gif
Темірқазық жұлдызы төңірегіндегі қозғалыс

Қазақ мифологиясында Темірқазық пен жетіқарақшы туралы ертегі айтылады. Аңыз бойынша Темірқазық Тәңірінің құдіретімен аспанға қағылған ат байлайтын алтын қазық болып, ол дүниенің кіндігі есептеледі. Оған Ақбозат пен Көкбозат арқандаулы тұрады, олар түнімен Темірқазықты айнала оттап жүреді. Ал, шөміш пішінді Жетіқарақшы болса олардың соңынан аңдиды да жүреді. Негізі Темірқазықты төңіректеп әр түні бір айналып шығатын Жетіқарақшы (Үлкен аю шоқжұлдызы, ондағы жеті жұлдыз Үлкен аю α、β、γ、δ、ε、ζ және η жұлдыздары) және Қара құрт (Кассиопея шоқжұлдызы, W әрібіне ұқсайтын, Темірқазықтың бір шетінде Жетіқарақшыға қарсы орналасқан бес жұлдыз) шоқжұлдыздары орналасқан. Темірқазық төңірегіндегі жұлдыздардың әр түн сайынғы Темірқазықты өзек өс етіп айналуы Жер шарының өз өсінен айналуынан екені белгілі. Ал, сол жұлдыздардың өзіндегі өзгерістер мен қозғалыстар аралықтың тым алыс болуына байланысты жай көзге көрінетіндей шамада емес.

Қазақтың жауынгер ақыны Махамбет Өтемісұлының "Ерлердің ісі бітер ме!" деген өлеңінде "Темірқазық жастанбай, қу толағай бастанбай" деген өлең жолдары кездеседі. Мұндағы “Темірқазық жастану” — сол жұлдызы самсыған түнде батырлардың далаға түнеуі мағынасын береді. Ондайда адам басы бейне қу толағай секілді қатып қалады дегенді айтса керек.

Физикалық құрылымы

Сурет:2006-02-a-print.jpg
Темірқазық және оның серік жұлдызы, Хаббл ғарыш телескобы түсірген сурет

Темірқазық (Кіші аю α жұлдызы) үш жұлдыздың бірлігі. Олардың негізгісі (Кіші аю А жұлдызы) болса сары түсті Цефеид жұлдызы, ал келесі Темірқазық В жұлдызы сары түсті Ергежейлі болып, ол 2400 AU қашықтықтан орағыта айналып жатыр. Темірқазық В жұлдызын 1780 жылы Уильям Гершель байқаған болып, қазіргі кішкентай телескоптармен де көруге болады. 1929 жылы Темірқазық А жұлдызының спектрлі қосары бар екені белгілі болды, ол ергежейлі серік есептеледі және Кіші аю Pα, немесе Кіші аю aα жұлдызы деп аталады. 2006 жылы қаңтарда NASA жариялаған Хаббл ғарыштық телескобының суретеріне негізделгенде, Темірқазық (Кіші аю α жұлдызы) жұлдызындағы осы үш жұлдызды анық ажыратуға болады. Темірқазық А жұлдызы Ергежейліге 18.5 AU шамасында жақын орналасқан, бұл шамамен күн мен Уран ғаламшарының арасындағы қашықтық.<ref>Үлгі:Cite conference</ref> Осы арқылы Темірқазық А жұлдызының жарығы қалай жасырылатынын аңғаруға болады.

Сурет:Polaris system.jpg
Темірқазықтың үш жұлдызы

Hipparcos спутниктік өлшеуіне негізделгенде, Темірқазық пен Жер шарының шынайы арақашықтығы 434 жарық жылы.<ref name=evans>Үлгі:Cite doi</ref> Басқа да деректерге негізделгенде, Темірқазық А жұлдызы F7 күйіндегі Аса алып жұлдыз (Ib), немесе жарқыраған алып жұлдыз (II) есептеледі. Екі кішкентай серік жұлдыздары: Темірқазық В жұлдызы болса F3V Негізгі тізбекті жұлдызы болып 2,400 AU қашықтықтан өз өсінде орағытып айналады. Таяудағы зерттеу мен күзетулер бойынша Темірқазық А және Ғ түріндегі тұрақты жұлдыздардан құралған, әлдеқашан күйреп жемірілген галактиканың бөлігі есептеледі.<ref name=turner2012>Үлгі:Cite arXiv</ref>

Темірқазық Бірінші Цефеид жұлдызына тән. Цефейд жұлдыздарының жарығы айырықша жойқын болғандықтан, жұлдызара қашықтықты өлшеудің таптырмас орайы есептеледі. Темірқазық бізге жақынырақ орналасқандықтан ол туралы зерттеу де көбірек қолға алынды. 1900 жылдары оның жарық шамасының өзгеріс периоды 3.97 күн болып, жарық өзгерісі орта есеппен ±8%(шамамен 0.15 магнитуда) болған. Бірақ XX ғасырда оның амплитудасы шұғыл құлдырап, 1990 жылда өзгеріс мөлшері 1% түсті және осы маржаны сақтауда. Дегемнен, осы аралықта жарқырауы 15% артты, периоды да жыл сайын 8 секундқа артты.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Catherine Turon, From Hipparchus to Hipparcos</ref>

Таяуда 《Ғылым》журналының хабарлауынша, Темірқазықтың жарық шамасы Птолемей күзеткен кездегіден 2.5 есе артты (Қазір 2 деңгейлі жұлдыз, ал ол заманда Темірқазық (Кіші аю α жұлдызы) 3 деңгейлі жұлдыз болған. Астроном Edward Guinan-ның айтуынша бұл өзгеріс нәтижесі шынында таңғаларлық, "Егер бұл рас болса, бұл ставка жылдамдығының өзгерісі теорияда мөлшерленген жұлдыздар өзгерісінен 100 есе артық болуы мүмкін."<ref>GAIA from ESA.</ref>

Темірқазықтың солтүстік полюсті көрсетуі

Сурет:Polaris.ogv
Темірқазықты өс етіп Аспанның айналуы

Темірқазық (Кіші аю α жұлдызы) негізінен жердің өз өсінде айналуының қиыр солтүстік полюсінің аспанында тұрғандығы себепті ол жер бетінен қарағандағы аспанда қозғалмайтын нүкте есептеледі. Ал солтүстік жартышардағы тұрақты жұлдыздар түгелдей оны төңіректеп айналып жүреді. Демек ол Астрономиялық жетектеуіш жұлдыз, және Аспан денелерін өлшеудің таптырмас тұғыр нүктесі есептеледі. Бұған ең ежелгі жазбалардан бері қарай нақты дәлел келтіруге болады. Қазір Темірқазық жұлдызы (Кіші аю α жұлдызы) солтүстік полюс нүктесінен бар болғаны 0.7° (ай диаметрінің 1.4 есесіндей) ауытқиды. Ол өз кезегінде екі рет солтүстік полюсті дәл көрсеткен. Қалған уақыттарда ол негізінен солтүстік полюсті меңзейді.

Әрине, жер шары полюсінің өзгерісіне орай Кіші аю α жұлдызы мәңгі-бақи солтүстік полюсті көрсетіп, Темірқазық болып тұра бермейді. ӨЗ өсінде домалаған Жер шары түмен жылдар бойындағы тербелу мен ауытқу шамасының артуына ілесіп, оның полюс орбитасы бір шеңберді сызады. Осы шеңберге тұспа-тұс келген тұрақты жұлдыздар, мысалы Тубан, Лира секілділер өткенде және болашақта жер шары полюсі бағытталатын Темірқазық бола алады. Болашақта, қазіргі Темірқазық тіпті де полюске туралана түседі, 2100 жылдары шамасында ол полюсті көрсетуі ең төменгі ауытқуға (0.5°-тан кіші) жетеді.

Сурет:Grosserwagenmitzeiger.jpg
Темірқазықтың жаз кешіндегі айналу бағыты

Солтүстік жарты шарда Темірқазықты әйгілі Жетіқарақшы арқылы және онымен қарсы жақта параллел жатқан Кассиопея (Қара құрт) шоқжұлдызының W пішіні арқылы бірден байқауға болады. Эквадор сызығының оңтүстік бөлігінде негізінен Темірқазық көрінбейді.

Кіші аю α жұлдызы Темірқазық ретінде кейде аспандағы ең жарық жұлдыз деп те сипаттайтындар болған. Өйткені оның төңірегінде жарық жұлдыздар жоқ болған соң айналасындағыларына қарағанда біршама жарық есептеледі. Дегенмен оның жарқырау шамасы аспанда 48 орында (өзінен артық 47 жарық жұлдыз бар) тұрады, демек ол соншылық жарық жұлдыз есептелмейді. Аспанда ең жарық жұлдыз (Күнді айтпағанда) әрине әйгілі Сүмбіле жұлдызы екені о бастан белгілі.

Оңтүстік жарты шардың, Оңтүстік полюстің дәл осылай айырықша бағаланған темірқазық жұлдызы жоқ. Дегенмен бұлдыраңқы Сигма Октанта (σ Octantis) жұлдызын оңтүстік полюс нүктесі бағытына ең жақындеп есептеп, оны оңтүстік жарты шардың Темірқазығы деп атауды ұсынушылар бар. Бірақ оған салыстырғанда Оңтүстік Крест жұлдызы оңтүстік жарты шардың полюс нүктесін тіпті де дәлрек көрсетеді.

Арақашықтық

Темірқазық қашықтығын есептеудің ұқсамаған нәтижесі
жыл қашықтықlypc түсіндіру
433 ly(133 pc) Hipparcos спутингі
2006 330 ly(101 pc) Тurner
2008 359 ly(110 pc) Usenko & Klochkova
2012 323 ly(99 pc) Тurner қатарлылар

Көптеген есептеулерді өзара біріктіргенде, Темірқазықтың бізден арақашықтығы 434 жарық жыл (133 секундтық парық) екен.<ref name="evans"/> Ол жер шарына ең жақын Цефеид жұлдызы. Цефеид жұлдызы дегеніміз жарқырауы өте күшті, жарық жарқырауының ауытқуы мен пульсациялық циклі арасындағы байланысы айқын жұлдыз болып, ол Құс жолындағы және Құс жолы сыртындағы жұлдыздардың қашықтығын есептеуге қолайлы және сенімді жұлдыз. Темірқазық жұлдызы жерге ең жақын цефеид жұлдызы ретінде тұрақты санасу көрсеткіші етіп, басқа әлемдік қашықтықтарды есептеуге тіке пайдалануға болады.

Hipparcos спутингінің 1989-1993 жылдар аралығындағы өлшеуі мен есептеуіне негізделгенде арақашықтықтың дұрыс есептелу дәлдігі 0.97 Milliarcsecond -ке жеткізілді. Бірақ кейбір зерттеулер арақашықтық шамасына күдік туғызады, өйткені аталған жұлдыз Цефеид жұлдызы ғана емес, ол және Қосаржұлдыз есептеледі.

Мәдениет саласында

Сурет:Astrological Chart -- New Millennium.svg
Мың жылдық астрология картасы
  • Жұлдызнамада (астрология), балгерлікте Темірқазық жұлдызы 15 Behenian бұлжымас жұлдыздарының (Behenian fixed stars) бірі болып, оның сырлы таңбасы 30px болды.
  • Үнді мифологиясы бойынша Дхрува ханзада мәңгі өмір сүретін және жарқырай беретін Темірқазыққа айналған. Дхруваның өмірі кешірмелері туралы мифтерге сүйеніп үнділер балаларын қайтпас-қайсар болуға, көңілді де жайдары болуға, істі табандылықпен істеуге, жүректі болуға үйретеді. («The Bhāgavata Purāṇa» 4-ші тарау) Демек бұл қасиеттер өз кезегінде Темірқазықтың дарытатын қасиеті дегенді де білдіреді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер