Тағар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тағар - әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қажетті заттай салық.
Салықтың алынуы
Ол Ұлықбек тұсында Саураннан, Сайрамнан, Отырар мен Йанги-Тараздан, яғни Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның оның әскерлері тұрған аймақтарынан алынды. Моғол хандары да Оңтүстік-Батыс Жетісу мен Қашқарияның өз қоластындағы отырықшыларынан тағар жинаған. Тағардың нақты көлемі белгіленбей, хан мен басқа да феодалдардың шешіміне байланысты жиналды. <ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>