Таужыныстардағы судың түрі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер асты суының қарқынды әрекеті ең алдымен оның орасан зор массасына байланысты. В.И. Вернадскийдің бағамдауы бойынша,жерасты суының массасы 5-1017 т шамасына жетеді. Бұл Әлем мұхитының жалпы массасынан (1,51018т) сәл-ақ аз. Шын мәнінде жер кыртысының қуыстары мен жарықшақтарында зор «жерасты мүхиты» бар десе де болады. Оның массасы, мысалы, Атлант мұхитынан асады. Жерасты суы адам өмірінде үлкен рөл атқарып, көбінесе елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Жерасты суының құрамында түрлі түздар біршама көп болған жағдайда, оны техникалық немесе емдік мақсаттарда қолданады. Сонымен, жерасты суы ең құнды пайдалы қазбалардың бірі болып табылады, ал оны зерделеу - геология ғылымының маңызды мэселесі. Геологияның тақырыбы жерасты суын зерттеу болып табылатын саласы гидрогеология деп аталады. тау жынысытардың эртүрлі қуыстарын толтыратын су қысым мен температураға байланысты үш түрлі - бу тәрізді, сұйық немесе қатты (мұз түрінде) фазада болуы мүмкін.Бу тәрізді фазаға су буын жаткызады. Ол ауамен бірге тау жынысытардың кеуектерін, каверналары мен жарықшақтарын толтырады. Жер қойнауының температурасы неғүрлым жоғары және қысымы төмен болған сайын, тау жынысы қуыстарын толтыратын «ауадағы су буының мөлшері соғұрлым көп болады.Температура төмендесе немесе қысым жоғарыласа су буы тау жынысы қуыстарының қабырғаларында конденсацияланады да сұйық фазаға өтеді. тау жынысытарда сұйық фазада болатын жерасты суы гигроскоптық, жарғақ, капилляр (қылтүтіктік) және гравитациялық түрлерге бөлінеді.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/> География

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}