Жарғақ су

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарғақ су — таужыныстардың ішкі қуыстарындағы су буының қоюлануынан (конденсациялануынан) пайда болатын, немесе олардағы тамшылы сұйык су ағып кеткеннен кейін түйірлердің сыртына жабысып, жұқа қабық түзетін су. Мүндай су таужыныстардың ұсак бөлшектеріне молекулалық күштің әсерімен тартылып тұрады. Қабықтың қалындығы мен тоңазытудың үзақтығына байланысты жарғақ су нөлден төмен температурада қатады. Жарғақ суды таужыныстан 105—110°С температураға дейін қыздырумен немесе зор қысым күшімен ажыратып алуға болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> Қуыс қабырғаларындағы судың қозғалысы жарғақтың қалыңдығы бірдей болғанға дейін жалғасады, жарғак су ауырлық күшінің ықпалынсыз түрлі бағыттарда жылыстай береді.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/> География

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}