Тастұмсық (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тастұмсық – көне қала орны.


Шу ауданында Бәйдібек ауылынан оңтүстікке қарай 11 км қашықтықта, Тасөткел су қоймасының оң жағалауында орналасқан. 10 – 12 ғасырларда гүлденген қала ретінде танылған. Тастұмсықтың қазіргі көрінісі биіктігі 1,7 – 2 м болатын төбе тәріздес. 1980 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедициясының отряды (жетекшісі М.Елеуов) зерттеу барысында қамал қабырғасына, бірнеше ғимарат орнына қазба жұмыстарын жасады. Қазба барысында керамикалық ыдыстар табылды.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}