Мадияр Елеуов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мадияр Елеуов (3 мамыр 1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылы) – тарих ғылымының докторы (1999).

ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген Қызылорда облысы, тарихи-өлкетану музейінде аға ғылыми қызметкер (1975–76), ҚазМУ-да лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, докторант (1976–99), Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі (1999–2001), Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі (2001–02), осы университеттің археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры (2002–08) болды. 2008 жылдан ҚазҰУ-да профессор.

Елеуов 2001–08 ж. аралығында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол 2000-нан аса әр түрлі тарихи кезеңдерден сақталған археологиялық ескерткіштерді ашты. Оларды ғылыми айналымға енгізді.

Елеуов 250-ден астам ғылыми жарияланымның, бірнеше монографияның авторы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Үлгі:Суретсіз мақала

Сыртқы сілтемелер

Еуразия ұлттық университеті|

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub