Тастыкөл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тастыкөл – Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречное ауылының шығысында 3 км жерде орналасқан ботаникалық қорықша. Табиғаттың бірегейі саналатын бұл жер суықты сүйгіш (бореалды) флораның қорғанышы саналады. Плиоценнің соңы, төрттік кезеңнің басында қалыптасқан «Каменное озеро» Тобыл өзенінің жағалаулық ескі арнасын алып жатыр. Ауданы 100 га. Қорғалатын өсімдік типтеріне көлдің солтүстік террасалы беткейлеріндегі қайың шоқ ормандары жатады. «Мас орман» деп аталатын бұл шоқ орманда салпыншақ қайың мен көк терек басым өскен. Орманның төселмесінен тікенекті раушан, қара жемісті ырғай, алқызыл долана, қара қарақат және кәдімгі мойыл құрайды. Орман алаңқайларында даланың кәдімгі бұталары: бояу бекіш, талбұршақ, даланың сары қарағаны өседі. Сирек кездесетін өсімдіктерге: орман қырықбуыны, сепкілгүл, өзгермелі сайсағыз, хош иісті қырлышөп жатады. Кейде сирек болса да сынықша цистоптерикс, кәдімгі түйеқұсшөп пен таға кездеседі. <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тастыкөл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}