Тамұқ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тамұқ- діни түсінік бойынша «күнәлі жандардың» өлгеннен кейін «о дүниедегі» жазаланатын орны. Діни ұғымда шайтандар әулетін, көр қорқынышын, «тозақ отын» бейнелейді. Тамұқ нанымы алғашқы қауымда жанның «о дүниеде өмір сүретіні» жөніндегі түсінікке байланысты шыққан. Тамұқты діндарлар бұқараны алдап, қорқытып, бұғауда ұстауға пайдаланды. Тамұққа дін жолынан тайған, дін басыларының айтқанын орындамағандар барады-мыс. Тамұқ ұғымы дін атаулының бәріне тән.

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том,540 бет