Табиғаттағы металдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден металл алу

Жер қыртысында металдардың таралуы әр түрлі. Металдар табиғатта, көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Белсенділігі тым төмен металдар (Cu, Ag, Au, Pt) ғана coм күйінде кездеседі. Кернеу қатарындағы литийден магнийге дейінгі орналасқан ең белсенді металдар табиғатта тұздар: хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар, фосфаттар, әсіресе силикаттар түрінде кең таралған.

Орташа белсенділігі бар металдар (магнийден сынапқа дейін) жер қыртысында, көбіне оксидтер мен сульфидтер түрінде кездеседі, бірақ олардың тұз тектес минералдары да бар. Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды. Егер кеннің құрамында бірнеше металдың қосылыстары кездессе, оларды полиметалл кендерге жатқызады. Қазақстанның жер қойнауында қорғасынды, мырышты, мысты, т.б. полиметалл кендер өте көп. Мамандардың айтуынша, біздің республикамызда периодтық жүйедегі барлық элементтердің жерде кездесетін қосылыстары бар. Мәселен, Алтай тауларының Қазакстанга карасты жагында 900-ге жуық полиметалл кен орындары табылган. Осыған бола бұл өлке Кенді Алтай деп аталады. Жезқазғанда мыс, қорғасын, мырыш, никель, кобальт, алюминий, марганец, т.б. металдардың кендері кездеседі. Қаратау жоталарында да қорғасын, мырыш, ванадий, темір кендері көптеп кездеседі. Қазакстандағы кен орындарын зерттеумен академик Қ.И. Сәтбаев бастаған ғалымдар тобы айналысты. Кендерден металдарды беліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады (Үлгі:Lang-el — металдарды өңдеу деген сөз).

Металлургиятабиғи шикізаттардан металдарды өнеркәсіптік жолмен өндіру әдістерімен айналысатын гылым мен техниканың және өндірістің саласы. Оны қара және түсті металлургия деп бөледі. Қара металлургия темір және оның кұймаларын ендірумен айналысады, сондықтан оның өнімдерін де "қара металдар" дей береді. Басқа металдардың бөрінің өндірісін түсті металлургияға жатқызады, ал олардың өздерін және құймаларын "тусті металдар" деп атайды. Қазақстандағы кара металлургияның ең ірі кәсіпорындарына: Теміртау металлургия комбинаты және Ақтөбе ферроқұйма зауыты, Соколов-Сарыбай мен Лисаковск тау-кен комбинаттары жатады. Қазақстанда түсті металлургия жетекші салалардың бірі болып саналады. Түсті металдар өндірісінің катарына: Өскеменнің, Риддердің, Шымкенттің, Павлодардың металлургия комбинаттары кіреді. Қазақстанда аса бағалы металдар: алтын, күміс, платина жөне сирек кездесетін металдар: ванадий, рений, молибден, уран, т.б. өндіріледі. Металлургия — өндірістің ең көне салаларының бірі. Кеннен металл алудың өдістері әлденеше ғасырлардан бері белгілі. Алайда қазіргі заманғы металлургияның өзіндік ерекшеліктері бар. Бүгінгі металлургия саласы адамзатка 75-тен астам таза металды және алуан түрлі касиеті бар 10 мыңдаған құймаларды беріп отыр.

Авиация және ғарыштық, техника саласында аса қажетті металдар (алюминий, магний, титан) көптеген мөлшерде өндіріледі. Қазіргі заман техникасында қолданылмайтын металдар және құймалар жоқ десе де болады. Тіпті осыдан аз ғана бұрын өнеркәсіпте алынуы туралы сөз етілмеген кейбір металдар (цирконий, бериллий, индий, гафний, ниобий, т.б.) өмірден өз орнын тауып отыр.

Металдың белсенділігі жоғарылаған сайын, бұл процесті іске асыру қиындай түседі. Сондықтан кернеу қатарында магнийге дейін орналасқан сілтілік және сілтілікжер металдар тек электр тогының күшімен жүретін электролиз процесінің көмегімен алынуы мүмкін. Барлық металлургиялық процестердің негізіне — кендегі металдарды түрлі тотықсыздандырғыштың көмегімен тотықсыздандыру жатады. Белсенділігі төмен металдар үшін мұндай реакциялар оңай жүреді. Металдардың белсенділігі неғұрлым жоғарылаған сайын оны кеннен бөліп алу қиындай береді.<ref>Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7</ref></p>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Chem-stub