Фосфаттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фосфаттар — минералдар класы — ортофосфорлы қышқыл (Н3РO4) тұздары.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Фосфор қышқылының қалдығы үш валентті комплексті анион құрайды: [РО4]3-. Егер осы қалдыққа катион ретінде бір немесе бірнеше металл қосылса, онда ол фосфор қышқылының тұздары болады. Бұлар фосфат тобына жататын минералдар.

Минералогия ғылымы жағынан жалпы алып қарағанда, фосфаттар қатарына жататын минералдар саны едәуір көп. Бірақ олардың басым көпшілігі өте сирек кездеседі де, ешқандай практикалық маңызы болмайды. Біз бұл жерде тек практикалық маңызы бар және халық арасында белгілі фосфаттарды ғана қарастырайық .

Кейде үш валентті фосфорлы комплексті анион сияқты қосылыста басқа элементтер де, мысалы ванадий, көбінесе арсеникум (мышьяк) кездеседі. Оларды ванадат, арсенат деп атайды.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}