Сүткент (қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сүткентортағасырлық қала орны.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылынан шығысқа қарай 3 км жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.

X - XI ғасырлардағы араб және түркі жазба деректерінде Фараб округінің Мауераннахрмен шекарасындағы қала ретінде аталады. Ол туралы араб тарихшысы әрі географы ибн Хаукаль: “Сүткент Шаштың батысында, онда мешіт бар. Мешітке исламды қабылдаған түркілер жиналады”, – деп жазған. Сүткенттің аты XI ғасырдың соңынан XV ғасырдың басына дейінгі деректерде кездеспейді. Тек 1404 – 05 ж. Әмір Темірдің Отырарға жорығы кезінде қайта аталады. Қаланы 1900 ж И.В. Руднев, 1951 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы да (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Шардараның маңында қаланың атын осы күнге дейін сақтап қалған екі қалашық бар.

  • Солардың алғашқысы Сүткент-1 - Сырдариядан 2 км жерде, Қаракөл сайында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 800 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 900 м аумақты алып жатыр. Оны қоршаған ені 4 – 6 м, биіктігі 1 м-ге жуық дуалдың бойында орнатылған 30 мұнараның орындары сақталған, дуалды сыртынан қоршай қазылған ордың тереңдігі 1 – 1,5 м, ені 8 – 10 м. Қалашықтың шығыс шетінде су жинайтын үлкен тоғанның орны бар. Оның өлшемі 100 ÷ 350 м, тереңдігі 1 м. Су Сырдариядан арнайы қазылған арық арқылы әкелінген. Цитаделдің орны қалашықтың солтүстік-батыс шетінде. Оның өлшемі 150÷150 м, биіктігі 7 – 8 м. Цитаделді қоршаған қорғаныс қабырғасы мен мұнаралардың орындары сақталған. Оларды сыртынан терең ор бөліп жатыр. Қалашықтың шығыс шетінде қала маңындағы жеке иеліктердің қираған орындары байқалады.
  • Сүткент-2 осы аттас ауылдың ортасында орналасқан. Үсті біркелкі тегіс төбенің қабырғаларының өлшемі оңтүстігінде 60, батысында 200, солтүстігінде 280, шығысында 200, оңтүстік-шығыста 240 м, биіктігі 1,5 м және бұрыштарында мұнаралардың орындары бар. Қалашықтың ішкі жағында бір түзудің бойында жүйелі орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың орындары байқалады. Үстінен табылған ыдыс сынықтарының басым көпшілігі орта ғасырға тән.

Зерттеушілердің пайымдауынша Сүткент қаласының бастапқы орны Сүткент-1 болған, XV - XVIII ғасырларда Сүткент-2-ге ауысқан. Археологиялық материалдар Сүткент-1 XI - XV ғасырларда, Сүткент-2 XV - XVIII ғасырлар аралығында өмір сүргендігін көрсетеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}