Сипаттама
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сипаттама - 1) шаманың негізгі ерекшеліктерін анықтауыш; 2) графикалық тәуелділік немесе агрегатқа, механизмге лайықты шама.
Сипаттама түрлері
- Амрлитуда-жиілік сипаттамасы - тұрақты амплитудада гармоникалық әсер етуінен ауытқу процесі кезінде амплитудалық мәндер түрінде механизмге, агрегатқа лайықты графикалық тәуелділік немесе шамаға берілген сипаттама мысалы: көлік құрамының рессордың жүйесіне берілуі.
- Шығу сипаттамасы - алынатын әсерлердің машинаға, механизмге, жүйеге кіретін шамадан тәуелділігі.
- Қозғауыштың сипаттамасы - қозғауыштың тиімді қуатының, меншікті отын шығынының және айналдырушы иінді күшінің иінді біліктің айналу жиілігіне тәуелділігі.
- Динамикалық сипаттама - уақыт факторының әсер етуінен, соның ішінде әр-түрлі жылдамдықтың өзгеруінің әсерінен шығу сипаттамасы.
- Карбюратор сипаттамасы - жанушы қоспа құрамы мен отынның шығындалу арасындағы тәуелділік.
- Жүктемелік сипаттама - уақыт жүйесінен агрегаттың жүктемелік тәуелділігі.
- Жылдамдық сипаттамасы - агрегаттың жетектегі иінінің немесе көлік құралының жылдамдығының уақытка немесе жүріп өткен жолына тәуелділігі.
- Статикалық сипаттама - уақыт факторының қатысуынсыз алынған талаптардың шығу сипаттамасы мысалы: серіппеге түскен ауыртпалыққа тәуелділігі.
- Техникалық сипаттама - өнімнің негізгі шамаларын, ерекшеліктерін қолданылуын сипаттайтын құжат.
- Жанармай сипаттамасы - көліктік құралдың жолға кеткен шығынының жүру жылдамдығына тәуелділігі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>
Дереккөздер
<references/> <references/>