Агрегаттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Otheruses Агрегаттар (Үлгі:Lang-la - қосылған) - макроэкономикалық агрегаттар — экономикалық агенттердің жекелеген операцияларының жалпылама қорытындысы, экономика жай-күйінің жиынтық статистикалық сипаттамалары.

Агрегаттар, әдетте, ұлттық шоттар жүйесінде көрсетілетін теңгерімдік қорытындыларды қосу жолымен шығарылады (мысалы, жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс).

Ақша агрегаттары

Ақша агрегаттары — ақша массасы құрылымының көрсеткіштері, бір-бірінен өтімділік дәрежесімен ерекшеленетін ақша түрлері. Ақша агрегаттарның құрамы елдер бойынша ажыратылады. Көбінесе М0 (айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі), М, (қолма-қол ақша мен талап етілмелі салымдардың көлемі), М2 (қолма-қол ақшаның, талап етілмелі салымдардың және аздаған мерзімді салымдардың көлемі), М3 (қолма-қол ақшаның және барлық банк салымдарының көлемі), L (қолма-қол ақшаның, салымдардың және бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің көлемі) Агрегаттары пайдаланылады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Economy-stub