Синтагматика

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Синтагматика<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref> —

  1. Тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің бірі, оның негізгі объектісі — сөйлеу үстінде не мәтінде жүйелі орналасқан тілдік бірліктердің бір-бірімен тікелей тіркесуінен пайда болатын ерекше Синтагматикалық қатынастарды талдау. Бұл тұрғыда Синтагматика парадигматикаға қарама-қарсы құбылыс ретінде танылады;
  2. Тілдік бірліктерінің арасында болатын, тура қалыптағы байланысты білдіретін — "сөйлеуде не мәтінде бір мезгілде іске асатын Синтагматикалық қатынас" ұғымының синонимі;
  3. Синтагма туралы ілім; тілдік бірліктерінің горизонтал (келденең) қалпындағы Синтагматикалық қатынастары туралы ілім. Синтагматикалық қатынастар тіл деңгейлерінің бәрінде байқалатындықтан, олар фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық, лексикалық Синтагматика т.б. түрде қарастырылады

Тағы қараныз:

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub