Парадигматика
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Парадигматика<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
- тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің (парадигматикалық, синтагматикалық) бірі.
Парадигматика — парадигматикалық қатынастарды, олардың топтастырылуын, қолданылатын салаларын қарастыратын тіл білімінің тарауы. Бұл тұрғыда Парадигматика синтагматикаға (қара) қарама-қарсы құбылыс болып табылады;
- кең мағынада — Парадигматика лингвистикалық топтарға тән парадигматикалардың жиынтығы түрінде танылатын тілдік жүйе дегенді білдіреді. Парадигматика тіл бірліктерінің вертикаль (тік) қалпындағы қатынастарын зерттейді. Ср. Синтагматика.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref>
Дереккөздер
<references/>