Сейдәзім Қадырбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Cleanup Қадырбаев Сейдәзім - Торғай өлкесінен Алаш орда қозғалысына қатысқан тұлғалардың бірі, белгілі алашшыл қайраткер. А. Байтұрсынұлы, М.Дулатов секілді ұлт көсемдері елдің есті азаматтарын оятуға ықпал етті. Ол 1885 жылы қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Торғайдағы орыс-қазақ мектебін бітірген. Көп оқымаса да тумысынан зерек С.Қадырбаев көп білімді өмірдің өзінен үйренеді. Қызмет істей жүріп өздігін ізденіп, білімін толықтырады.

1913-1918 жылдар аралығында Орынборда сот кеңселерінде ұсақ қызметкер болып істейді. Сөйте жүріп көп нәрсені көкірекке түйеді, талай әлеуметтік істердің сырын түсінеді. Ең соңында халық үшін қызмет істеп, ел алдындағы азаматтық борышын ақтауға бел буады. Сәті түскенде, сол кезде Алаш қозғалысы жұмыс істей бастайды да, қазаққа қызмет етем деген ізгі ниетті азаматтардың талабын қайтармай, үмітін ұштап, өз қатарына тартады. С.Қадырбаев 1918 жылы Алаш орданың Торғайдағы әскери бөлімінің мүшесі болып кабылданады. Ол екі жыл бойы алашордашылар қатарында күрес жүргізеді.

1919 жылы Амангелді Имановтың өліміне себеп болған Торғайдағы кикілжіңдерге байланысты айыпталады. Тағылған айып дәлелденбей, көп кешікпей босатылады. Одан кейін де Алаш орда үкіметінде қызмет атқарады. Алаш орда таратылып, кеңес үкіметі орнағанда кеңшілікке ие болғандардың қатарында Қадырбаев та болса керек. Ол 1920 жылы Қазақ автономиялық кеңестік соңиалистік республикасы Әділет халық комиссариатының заң шығару бөліміне жұмысқа алынады. 1929 жылға дейін осы мекемеде жауапты қызметтер атқарады. Кеңес жұмысын қанша тиянақты істесе де, өкімет оның бір кездегі алашордашыл болғанын кешіре алмайды. Алаш ордаға қатысу кеңес үкіметі үшін өте ауыр қылмыс жасағанмен тең еді. Халықтар достығын ауыздан тастамайтын үкімет халықтардың теңдікке ұмтылған азаматтарын аяусыз жаншып отырған. 1929 жылы Алаш ордаға қатысқаны үшін Сейдәзім Қадырбаев тағы айыпталып, тұтқынға алынады. Аса ауыр айып тағылып, 1930 жылы Воронежге жер аударылады. Кейін үкімет оны босатады. Еліне келіп, біраз уақыт ел арасында жүреді. 1937 жылы ол кайта ұсталады. Бұл жолы тұтқыннан босап шығу мүмкін емес еді, Алаш шыл болғанын өзі де жасыра алмайды. Енді алашордашыларды жер аудару, түрмеге қамау дегендердің бәрі жеңіл жаза болып көрінеді де, үкімет оларды шетінен ату жазасына кеседі. Қадырбаев Сейдәзім 1937 жылы ату жазасына кесіледі. <ref> «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>]

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}