Сақау Мәукеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сақау Мәукеұлы (1798, Павлодар облысының Баянауыл ауданы — 1875) — ақын. Жасынан ақындығымен, әншілігімен көзге түскен. Бізге оның 9 өлеңі мен 5 айтысы жеткен. Өлеңдері негізінен белгілі билер Шоң мен Торайғырға арнау үлгісінде жазылған. Ақан серімен сөз сайысында қарсыласының сынынан мүдірмей өткен Сақауға сері үкілі бас киімін тарту еткен. Орынбай ақынмен сөз қағысуында тапқырлығымен елге танылса, Тоғжанмен бірнеше рет айтысқанда көбіне жеңіліп отырған. Соңғы айтысында ғана келін болып босаға аттаған Тоғжанның жеке басының кемшілігін бетіне басу арқылы жеңіске жеткен. Сақау шығармалары Қазақстанның ғылыми кітапхана қорында сақтаулы. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сақау Мәукеұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}