Саға немесе кіреберіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саға немесе кіреберіс (Үлгі:Lang-ru); (Үлгі:Lang-la — саға, кіреберіс) — пішіні қуысты шар тәрізді ішкі құлақ бөлігі.

  • Ол ортаңғы құлақ, жарты дөңгелекше өзектер мен ұлудың аралығында орналасады. Саға сүйектік және жарғақтық бөліктерден тұрады. Сүйектік сағаның ортаңғы құлақпен шекаралас бүйірінде үзеңгіше сүйек табанымен жабылған сопақша тесік және ішкі дабыл жарғағымен перделенген дөңгелек тесік болады.
  • Оның артқы қабырғасына жарты дөңгелекше өзектердің төрт тесігі ашылады, ал алдыңғы қабырғасындағы тесік арқылы ұлу өзегінің қуысы сағалық өзекпен байланысады. Сағаның ішкі қабырғасында есіту-тепетендік жүйкесі шығатын тесік болады. Жарғақтық саға сопақ және дөңгелек қапшықтардан тұрады. Сопақ қапшық қуысы жарғақтық жарты дөңгелекше өзектердің қуыстарымен, ал дөңгелек қапшықтың қуысы жарғақтық ұлумен жалғасады. Бұл қапшықтар өзара эндолимфалық өзек арқылы бір-бірімен өзара байланысады. Сүйектік және жарғақтық сағаның арасындағы саңылаулы кеңістікте перилимфа, ал жарғақтық қапшықтар, ұлу және жарты дөңгелекше өзектер қуыстарында эндолимфа болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саға немесе кіреберіс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}