Өзек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Burlacha Balka1.jpg
Бурлачья өзегі
- Өзек – жер бетіндегі маусымдық су (нөсер, қар суы) әрекетінен пайда болған тереңдігі 3 – 15 м-ге жететін жер бедерінің теріс пішіні. Өзек гидрографиясы тораптың қолаттан кейінгі жалғасы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref> Оның қолатқа қарағанда ені тар, табаны жатық, анық байқалатын жарқабағы болады. Беткейлерінің тіктігі 15 – 45C. Беткейлерінде өсімдік өседі. Географиялық орналасу жағдайына қарай өзек эроз жуып-шаю әрекетінен сайға, жыраға, т.б. айналып кетуі ықтимал.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7том</ref> Көлденең қимасы астау тәрізді, түбі жайпақ, батпақты, беткейлері көлбеу болып келеді. Өзек тереңдеп сайға айналуы мүмкін.<ref>Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>
- Өзек - цилиндрдің ішіндегі поршенге жалғаскан және онымен қоса қозғалатын ұзын шыбықша түріндегі тетік.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>
Дереккөздер
<references/> <references/>
de:Stock en:Stock (disambiguation) es:Stock fr:Stock (homonymie) ko:스톡 nl:Stock pl:Stock ru:Шток simple:Stock (disambiguation) uk:Шток (значення)