Саяси көзқарастар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси көзқарастар - кең мағынада адамның, әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның саяси өмірге қатысты түсініктерінің жиынтығы; тар мағынада саяси билікке қатынасты білдіру. Саяси көзқарастар - саяси болмысты және оны бағалауды білдіретін идеялар, пікірлер, түсініктер. Ол саяси шындыққа қатынасынан, адамдардың мінез-құлқынан және әрекеттерінен көрінеді. Қоғамдық қызығушылық тудыратын саяси өмір құбылыстары мен оқиғалары ғана саяси мәнге ие болып, Саяси көзқарастар қалыптастырады. Саяси көзқарастар жасырын және ашық түрде айтылуы мүмкін, бірақ саяси мүддені білдіретін нақты саяси ұстаныммен байланысты болады. Саяси көзқарастар шындықты қабылдаудың жеке түлғалық деңгейінен, саясат субъектілерінің саяси бағыттары деңгейінен көрініс табады. Олар түжырымдық түрде, сонымен бірге саясат туралы қарапайым түсініктер түрінде беріледі. Саяси көзқарастар негіздеріне байланысты солшыл, ңентристік және оңшыл; анархистік, либералдық, демократиялық, марксистік, консервативтік; шовинистік, реваншистік, т.б. деп бөлінеді. Саяси көзқарастар білдіру үндемеуден ашық мәлімдеме жасауға дейін барады. Саяси көзқарастар жасыру саяси конформизмнен көрініс табады. Саяси айналымға енбеген Саяси көзқарастар қоғамдық пікірге жатпайды.

Жоғарыдан енгізілген саяси көзқарастар саяси сананың біржақтылығына алып келеді. Қауымдардың толысқан саяси санасы саяси көзқарастар плюрализмін өздерінің саяси бірлестіктері мен ұйымдары арқылы қалыпқа келтіре алады. Тоталитарлық тәр- тіптерде саяси көзқарастар еркін білдіруге бюрокартиялық бақылау мен цензура мүмкіндік бермесе, демократиялық тәртіптерде БАҚ жүгенсіздігінен, саяси технологиялар арқылы алдап-арбаудан қауіп төнуі мүмкін. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси көзқарастар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}