Либерализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Либерализм (Үлгі:Lang-la - «еркін») — ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Тарихы

Сурет:John Locke.jpg
Алғаш болып либерализм ұғымын идеология ретінде дамытқан Джон Локк болған

Либерализм саяси ағым ретінде ХVI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс-әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдық саясатымен байланысты болды. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.

Либерализм және әлеуметтік өмір

Либерализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан (либералды фундаментализм) араласуға болмайтын (laisser-faire) әмбебап принциппен қорғалады. Демократиялық мемлекетте толық билікке азаматтық қоғам ортақтасады. Қоғамдағы әділеттілік заң үстемдігімен және барлық азаматтың заң алдында теңдігімен қамтамасыз етіледі. Либералды демократияның қоғам дамуының гуманистік бағыты ретінде орнығуы жаһанданудың саяси қырын құрайды және тұлғаны құқықтық қорғауға шүбәсыздық мәртебесін берумен байланысты.

Либерализм және мемлекеттік құқық

Либерализмге сәйкес, мемлекеттік құқық адам құқын қорғауда тұлға басымдығына назар аударады, ол мемлекеттен тәуелсіз әрі заңмен жасалмайды, жоққа да шығарылмайды. "Құқық - шын мәнінде - тепе-тең еркіндік принципінен шығатын қорытынды мәні" (Г. Спенсер). Туа бітті адамға кері қайтарылмайтын, ешкім тартып ала алмайтын табиғи құқық - өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға беріледі. Мемлекет жекеменшік құқын, этникалық құқықтарды, дінге еріктілік құқын қорғауға міндетті. Маңызды сая¬си мәнге ие азаматтық құқықтар: сайлау құқы, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, бірлесу және жиналу бостандығы, шеруге шығу еріктілігі. XX ғ. әлеуметтік қауіпсіздік құқы бекітілді: білім алу құқы, еңбек ету және оған лайықты жалақы алу құқы, жеке өмірдің қол сұғудан қорғалуы құқы және т.б.

Либерализмнің экономикалық ұстанымы

Либерализмнің экономикалық ұстанымы материалдық өмірде бостандық кепілі болатын бәсекелестіктің жетекші рөліне негізделеді. Сондықтан да мемлекет антимонополиялық шараларды қолдана отырып, бәсекені қолдап, дамытуы керек. Әлеуметтік қатынастар жүйесінде либерализм күш қолданбауды және ұстамдылықты қолдайды. Жаһандану жағдайында бәсекелестік және күш қолданбау бірдейлендіру мен дамудың кедейленуіне, алуан түрлілікті басып-жаншуға қарсы тұрады. Либерализмнің көптеген негізгі идеялары батыс әлемінде әмбебап, жалпыға ортақ қағидаттар мәртебесіне ие болды және халықаралық құқық ережелерінде бекітілді. Міне, либерализмді кейде жаһандану идеологиясы деп атау осыдан.

Либерализм және социализм

Либерализм және социализм - өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В. М. Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология (адам еркіндігі) алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері (адамдар теңсіздігі) арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ біргбіріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты. Осылайша, бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм - еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде. Қазіргі либерализм бұл мәселенің шешімін құқық пен моральды бірлестіретін жаңа әлеуметтік әділеттілік теориясын қалыптастыру арқылы таппақшы болды. Ал, социализм болса, Маркстен бері еркіндік пен теңдіктің өзара ұштасуынан туатын мәселенің басқаша шешімін ұсынады. Оның негізінде - жеке меншіктің болуы жағдайында бұл мәселенің шешімін табу мүмкін еместігін дәлелдеу жатыр. Жеке меншік жағдайында не еркіндікті, не теңдікті қүрбандыққа шалу керек болады. Осылайша, еркіндік идеясын уағыздаушы социалистік ағымды либерализмнің тарихи мұрагері ретінде қарастыруға болады.

Либерал

Либерал - қоғамның барлық экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани салаларында жеке тұлғаның еркіндігін жақтайтын саяси және идеологиялық ағымды ұстанушы; либералды партияның мүшесі; ескі. - еркін ойлаушы; шектен шыққан жұмсақтық танытып, жылы жауып, бетімен жіберетін адам.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons

Үлгі:Навигациялық кесте