Сауда ишан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Сауда ишан" - дастан.

Қиссашыл ақын Нұралы Нысанбайұлы ауыз әдебиеті үлгісінде жазып, халық арасына кең тараған дастанның негізгі идеясы ел ішіндегі Сауда ишан сияқты дінбұзар, опасыз, арам ниетті адамдарды әшкерелеуге, әйел теңдігі мәселесін көтеруге арналған. Дастанда бас бостандығын аңсаған Жанат қыз бен оның тағдыры үшін жан аямай күрескен ағасы Болат әрекеттері шебер суреттеледі. Ауыз әдебиетінің үлкен білгірі, шымкенттік Қысыраубек Амантайұлы 1946 жылы жазып алған дастан нұсқасы көркемдігі құнды нұсқа қатарына жататындықтан 1974 жылы жеке кітап болып жарық көрді. Дастанның басқа нұсқалары да бар. Мәмбет Жаулыбаев пен созактық Бейімбет Сүйінбаев жинаған нұсқалар алдыңғы нұсқа мазмұнымен ұқсас болса, осы дастанды Нұралы ақынның өзінен үйренген Белгібай Бектұрғановтың жырлауынан 1953 жылы жазып алынған "Опасыз Ишен" мен Әбдірайым Мұратов 1959 жылы жинаған "Сауда Ишен" нұсқалары мазмұнында еш өзгешелік жоқ. Барлық нұсқалар толық, өлең құрылысы 7-8 буынды жыр үлгісімен жазылған. Қысыраубек нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қорында, ал басқа нұсқалар Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}