Нұралы Нысанбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұралы Нысанбайұлы (1857, Ордабасы ауданы Көктөбе ауылы – 1930, сонда) – ақын. Бала жасынан сауатын арабша ашып, өлең сөзге құмартқан ол ауыл аймақтың ақын-жыршыларына ілесіп, өлең жаттаған. Зұлпыхар, Шәкір, Бөпе қыз сияқты ақындармен ауызша, жазбаша айтыстарға түскен. Нұралы шығыс әдебиетін, ертегі, аңыздарын көп оқып, олардың бірқатарын өзінше жырлады. Бұған оның «Мұңлы-Сейіл», «Жетім Құбыл», «Қара құл», «Ханым сыры», «Шәкір-Шәкірат», «Сауда ишан», т.б. қиссауылыдастандары дәлел. Оның «Ханым сыры», «Қара құл» атты шағын дастандары Я.Лютш құрастырып, жариялаған «Киргизская хрестоматия» жинағында (1883), Қазығұрт елінің ақыны Мықан Балтекейұлымен айтысы үш томдық «Айтыс» жинағының 1-кітабында басылды (1965). Нұралы Нысанбайұлы шығармалары Ш.Ахметовтың «Қазақ балалар әдебиеті» оқулығында (1974), Ә.Оспанұлының «Қаратау атырабының ақындары» монографиясында, «Қаратау шайырлары» атты зерттеу еңбегінде талданады. Темірланда және Көктөбе ауылында Нұралы Нысанбайұлының ескерткіші бар, Көктөбедегі мектеп ақынның атымен аталады.

“Байтұрсын болысқа” атты өлеңі үшін қудалауға ұшырап, орыс зерттеушісі Я.Лютшпен танысқан. Ғалым құрастырған “Киргизская хрестоматия” жинағында Нұралының ұсақ өлеңдерімен қатар “Қарақұл”, “Ханым сыры” дастандары жарық көрді. Ақынның “Қарабатыр Құлшықтың үш қызына айтқаны”, “Шежіре жыр”, “Әби белсендіге”, т.б. туындылары ел арасына кең тараған. Ол “Қуатбай” өлеңінде ел билеуші билер әрекетін сөз еткен, “Алтынбек” жырында елге өктемдік еткен Алтынбек әулетін сынайды. Діни логика мен философияға жетік Нұралы “Дүние – дөңгелек”, “Дүние кезек”, “Жасаған жақсылығың өз басыңа айналып келеді”, “Қуаныш пен реніш алмасып жатады” атты өлеңдерін өмірге әкелді. “Сөз айттым”, “Ілгері зерек дұшпан, жаман достан” өлеңдері нақылға құрылған. Нұралы “Жетім Құбыл”, “Құлқаныс – Зеберше”, “Қарқабат”, “Болат – Жанат” (“Сауда Ишан”), “Мұңлы Сейіт”, “Зайтұлы”, “Шәкір – Шәкірат”, т.б. 70-ке жуық дастан жазып, Шығыстың классик. поэзиясын, ертегі аңыздарын өзінше жырлады. Романтик. үлгідегі ақын дастандарының құрылымы қызықты оқиға мен ғибратты нақылға негізделген. Нұралы Мықан Балтекейұлымен, Шәкір, Зұлпықар, Бөпеқыз, Шәмшат ақындармен айтысқан. Ақын мұрасын З.Балғабайұлы қағазға түсіріп, бүгінге жеткізген, шығармаларының көбі ҰҒА Әдебиет және өнер ин-тының қолжазба қорында сақтаулы.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Оңтүстік Қазақстан облысы : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2005. – ISBN 9965-9746-1-6</ref>

Шығармашылығы:

  • Нысанбайұлы Н., Сауда Ишан, А., 1974.

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұралы Нысанбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}