Сатыбалды Хамзин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сатыбалды Хамзин (1942 жылы туған, Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1999], Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының корр. мүшесі (1996).
Өмірбаяны
- Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.
- Атырау обаға қарсы күрес станциясында дәрігер-эпидемиолог (1964–1970), осы станцияның Құлсары бөлімшесінде басшылық қызметте (1971–1981)
- 1982 жылдан Атырау обаға қарсы күрес станцияның бастығы болды.
Ғылыми еңбектері
- 1998 жылы «Современные аспекты эпидемиологического надзора при чуме» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
- 60-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.
Марапаттары
- «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>