Сараңдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сараңдық — адам мінезінің нашар қасиеттерінің бірі. Әр кезде өмір сүрген ұлы ғұламалар мұндай жиренішті — қаттылық, қараулық, қарабайлық сияқты әдеттерден жұртшылықты, әсіресе жасөспірімді сақтандырып отырған. Мәселен, өзбек ойшылы Әлішер Науаи: сараң — пайғамбардың жиені болса да, пейішке бармайды десе, түркістандық Ахмет Жүйнеки: "сараң дүниенің малын жиса да тоймайды" — дейді. "Диван лұғат ат түріктің авторы Махмұд Қашғари мұндайларды өзі жемей мал жиып сараң болады, содан күні қараң болады" — деп келемеждеген. Орыстың ұлы жазушысы А.С.Пушкин "Сараң сері" драмасында Альберттің образы арқылы құлқынын ақша тескен адамның психологиясын шебер көрсеткен ("Е, менің әкем үшін ақша... бас перінің қожасы, ол иттің суық жатағында тұрады, керегі оның қара су мен кепкен нан, көз ілмейді түн бойы, жүгірді арсылдап, ал алтыны жатыр сандығында мызғымай"). Сараңдық пайдакүнемдіктен туындайды. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, батыл да, өз парызына адал да бола алмайды. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықпен "табыс" табуға әдеттенген адамдар көбейе бастады. Бұлар шынтуайтқа келгенде адамға тән аяулы сезімдерден, өз халқына, Отанға деген сүйіспеншіліктен, ізгілік пен имандылықтан, жан тазалығынан жұрдай адамдар.

"Тәрбие бесіктен басталады" дегендей, әр ата-ана өз ұрпағына мұндай жаман қасиетті дарытпау жағын баласы жарық дүниеге келгеннен бастап ойластыруы тиіс.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}