Пайдакүнемдік
Пайдакүнемдік – адамның жағымсыз мінез бітісі. Мұндай адамның есіл-дерті ақша, қандай жолмен болса да пайда табу.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref> Жеке басының қамын ойлап, пайда қуған адам шыншыл, ержүрек, өз парызына адал бола алмайды. Мал жиюға құмарланып, сараңдыққа бой ұрған пайдакүнем адамның жан дүниесі жұтаң келеді, қуаныш-сүйініші азаяды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Қылмыстық құқықта - арам пайда, баю, өндіруге ұмтылған қылмыстың мүмкін болатын уәжі. Пайдакүнемдік пиғыл жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларға қатысты.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>