Санатбай Масатұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Санатбай Масатұлы (1942 жылы туған, Бозащы түбегі, Қаламқас елді мекені) – геолог.
- КCРO Мұнай өнеркәсібінің үздігі (1988).
- Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1968).
- 1968 – 1973 жылы «Қарақия-Жетібаймұнайгазбарлау» терең бұрғылау экспедицияларында техник-технолог, инженер, телім бастығы, аға инженер,
- 1973 – 1975 жылдары Кеңес Одағының мұнай, газ және химия өндірісі министрінің Маңғыстаудағы өкілі болды.
- 1975 жылдан «Маңғыстаумұнайгазбарлау» терең бұрғылау экспед-нда, «Маңғыстаумұнай» ӨБ-де, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да кәсіподақ төрағасы. Бірнеше Құрмет грамоталарының және «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалінің иегері.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
</ref>
Дереккөздер
<references/>